Сабақ жоспарлары / Физика

Радиобайланыс - Физика, 9 сынып, 35 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс.
Радиобайланыс - Физика, 9 сынып, 35 - сабақ

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Радиобайланыстарды пайдалануды үйрету негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
2.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3.Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.   
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша радиобайланыс толқындармен танысамыз.
1.      Электромагниттік өріс дегеніміз не?
2.      Электромагниттік толқындардың қасиеттері қандай?
3.      Электромагниттік және серпімді толқындардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:  Ашық тербелмелі контур

 Электромагниттік толқындардың тұңғыш рет қалай алынғанымен танысалық. Бұл толқындардың пайда болу процесі күрделі, біз оларды жалпы сипатта ғана қарастырып өтеміз.
Электромагниттік толқын айны­малы электр және магнит өрістерінің өзара байланыстары арқылы пайда болады. Бір өрістің өзгерісінен келіп екіншісі туады. Неғұрлым магнит индукциясы уақыт бойынша шапшаңырақ өзгеретін болса, өнетін электр өрісінің кернеулігінің соғұрлым жоғары болады. Өз кезегінде электр өрісінің кернеулігі неғұрлым тез өзгеретін болса, онда магнит индукциясы да соғұрлым жоғарырақ болады. Ендеше, интенсивті электромагниттік толқындар туғызу үшін жиілігі мейлінше жоғары электромагниттік тербелістер жасау керек. Осы шарт орындалғанда, электр өрісінің Е кернеулігі мен магнит өрісінің В индукциясы шапшаң өзгеретін болады.
Өнеркәсіптік тоқтың жиілігінен (50Гц) жиілігі анағұрлым жоғары тербелістерді тербелмелі контурдың көмегімен шығарып алуға болады. Контурдың индуктивтігі мен сыйымдылығы неғұрлым кіші болса, тербеліс жиілігі соғұрлым үлкен болады: 

VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§37 дайындық сұрақтарын талдау.

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу. Деңгейлік тапсырмалар. І деңгей.
Тербелмелі контур ауада ұзындығы 150 м электромагниттік толқындар туғызады. Контурдағы идуктивтік 0,25 мГн болса; оған қандай сыйымдылығы қандай конденсатор қосылған?

ІІ деңгей.
1,4 МГц жиілікте жұмыс істейтін радиотаратқыш жіберетін толқындар ұзындығы неге тең?
ІІІ деңгей.

Радиолакатордан 30 км қашықтықтағы нысананы табуда радиолакатор 1 с-та жіберетін импульстердің максимал саны қанша болу керек?

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §37, дайындық сұрақтары.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: