Сабақ жоспарлары / Физика

Есеп шығару - Физика, 11 сынып, 31 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару.
Есеп шығару - Физика, 11 сынып, 31 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: оқушылардың ынтасын арттыра отырып білімін тексеру.
  2. Дамытушылық мақсаты: алған білімін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.
  3. Тәрбиелік мақсаты: білімін, білігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.  
Өз бетінше шығаруға арналған есептерден есептер шығару.

ІІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. Сұрақтар қою.
  1. Қандай құбылыс жарытың шағылуы деп аталады?
  2. Шағылудың қандай түрлерін білесіңдер?
  3. Қандай айна жазық айна деп аталады?
  4. Жазық айна шын кескін бере алады ма?
  5. Қандай кескін шын кескін деп  аталады?
  6. Айнаны ұлғайтуды дегенді қалай түсінесіңдер?
  7. Жарықтың түзусызықты таралу заңын пайдаланып, көлеңке мен ала көлеңелерді қалай түсіндіруге болады?
  8. Айдағы көлеңкелерайқын да, Жердегі  көлеңкелер күңгірт болатыны неліктен?
  9. Сағым дегеніміз не?
  10. Ремер жарық  жылдамдығын қалай анықтайды?
  11. Жарық жылдамдығын Физо қалай анықтады?
ІV.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: 4.1-4.9 қайталау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: