Басқа материалдар / Физика

Физикадан әкімшілік бақылау жұмысы - 9 сынып

Тақырыбы: Кинематика. Ньютон заңдары. Динамика. Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері.    Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексеру, жүйелеу, қорытындылау. 
Физикадан әкімшілік бақылау жұмысы - 9 сынып

I- нұсқа 
 
І. Реактивті ұшақтың массасы 60т, двигателінің тарту күші 90кН болса, ол екпін алғанда қандай үдеумен қозғалған? 
 
ІІМассасы 0,5кг доп 0,02 секундқа созылған соғудан кейін 10м/с жылдамдыққа ие болды. Соққының орташа күшін табыңдар. 
 
ІІІ. Қатаңдығы 250Н/м серіппеде 16с ішінде 20 тербеліс жасайтын жүктің массасын табыңдар. 
 
ІV. Еркін түсу үдеуі 2м/с2-қа тең, радиусы 1000км болатын планетаның массасы неге тең? 
 
 
II- нұсқа 
 
І. Велосипедші тыныштық күйден түзу сызықты үдемелі қозғалады. 20с өткен соң оның жылдамдығы 5м/с-қа дейін жетеді. Велосипедші қандай удеумен қозғалған. 
 
ІІ. Массасы 1кг денеге 3с бойы 2Н күш әрекет етеді. Бастапқы мезетте дене тыныштыққа болған.Дененің жүріп өткен жолын анықтау керек. 
 
ІІІ.Ұзындығы 80см маятник 1мин ішінде 34 тербеліс жасаса, оқушы еркін түсу үдеуінің қандай мәнін шығарып алды.  
 
ІV. Меркурий  планетасының орташа радиусы 2420км, ал еркін түсу үдеуі 3,72м/с2. Меркурийдің массасын анықтаңдар. Гравитациялық тұрақты 6,6710-11Н м2/кг2 


Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: