Информатика / Рефераттар

РГР: MS Excel кестелік процессоры көмегімен есептерді шешу: 2 вариант

Microsoft фирмасының Excel программасы-Microsoft Office дестесінің электронды кестелерді әзірлеуге және өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламасы. Бірақ Excel  жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестелегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады. 
РГР: MS Excel кестелік процессоры көмегімен есептерді шешу: 2 вариант

Excel программасын іске қосу үшін осы программамен байланысқан пиктограмманы тауып, оны тышқанмен екі рет шерту керек. Ол Excel программасын іске қосқаннан кейін компьютер экранында арнайы терезесі ашылады. MS-Word редакторындағыдай Excel-де де орындалып жатқан әрекетке сәйкес берілетін контекстік тәуелді анықтамалық жүйе бар. Әрбір жұмыс істеп жатқан жұмысымызға байланысты әрқашанда көмек ала аламыз. 

Электрондық кесте тек қана есептеулерді автоматандыру функцияларын орындамайды.Ол әр түрлі жағдайларды немесе объектілерді сандық модельдеуге өте қолайлы құрал болып саналады. 

Excel-де кестенің кез келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. 

Осы есептік сызба жұмысында кестелік процессорының көмегімен есептер шығаруға мүмкіндік береді.Жалпы Excel программасын іске қосу, менюімен жұмыс атқару, функциялар мәнін кестелеу, сан форматтары, мәліметтерді баспаға шығару, Excel-дің графикалық мүмкіндіктерін қарстыруға, элетрондық кестесін сандық модельдеуге пайдалану. Excel прогаммасын мәліметтер базасы ретінде пайдлану және тағы басқа көптеген мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жұмыс істеуге болады. 

1 Есептік-графикалық жұмыс тапсырмасы 
1 Сандарды аудару әдістерін (В.1 кестесі) және MS Excel ресурстарын қолданып: 
- берілген санды (Б.1 кестесі) ондық санақ жүйесінен ұсынылған санақ  жүйесіне (екілік, сегіздік, оналтылық) аудару кестесін құрыңыз; 
- алынған нәтижені керісінше  ондық жүйеге ауыстыру кестесін құрыңыз. Осы орындалған әрекеттердің бәрін Инженерные категориясының (Пакет анализа қосу) функцияларын қолданып тағы да орындаңыздар. Болатын қателерді түсіндіріңіздер; 
  • Математические категориясының арнайы функцияларын көмегімен берілген санды (Б.1 кестесі) ондық санақ жүйесінен рим санақ жүйесіне ауыстырып және керісінше орындаңыз; 
  • MS Excel функцияларын қолданып а және b санына (Б.1 кестесі) ұсынылған арифметикалық операцияны қолданыңыз, және де бұл сандарды рим санақ жүйесіне ауыстырып берілген операцияны қолданып сол нәтижені алыңыз; 
Тапсырманы орындауға ұсыныстар. Аудару кестелерін құрғанда Математические категориясының ЦЕЛОЕ және ОСТАТ функцияларын қолданған жөн. Оналтылық жүйеге ауыстырғанда (сандарды әріптерге ауыстырғанда) ЕСЛИ функциясын қолданыңыздар.  

[attachment=29]
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: