Сабақ жоспарлары / Физика

Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер - Физика, 10 сынып, 57 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер.
Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер - Физика, 10 сынып, 57 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдысын қалыптастыру. Тың мәліметтер беру арқылы білімді қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: өткізгіштер мен диэлектриктер жайлы мағлұматтарды пайдалана отырып, оларды электр өрісіне енгізген жағдайдағы өзгерістерді салыстыру арқылы тақырыпты меңгеру.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Өзін-өзі қорғайтын электрден қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау, шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Кесте. Тірек конспект. Баяндау. Сұрақ-жауап, салыстыру
Сабақтың көрнекіліктері: өткізгіштер және диэлектриктер, плакаттар, суреттер. 
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
  1. Төмендегі кестені толтыр.
  2. Сұрақ-жауап:
  3. Өткізгіш деп нені түсінеміз? Диэлектриктер ше?
  4. Сыртқы өріс жоқ болса, еркін электрондар өздерін қалай ұстайды?
  5. Сыртқы өріс әсерінен ше?
  6. Электростатикалық индукция қандай құбылыс?
  7. Диполь деген не?
  8. Поляризация деген не?
  9. Е-диэлектрлік өтімділіктің физикалық мағынасы.

VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§8.7-8.8   дайындық сұрақтарын талдау.
  1. Потециалдың физикалық мағынасы қандай?
  2. Нүктелік заряд өрісінің потенциалы қандай формуламен табылады?
  3. Кернеулік деп нені түсінесіңдер?
  4. Потенциалдар айырымының физикалық мағынасы қандай?
  5. Қандай беттер эквипотенциал деп аталады?
  6. Кернеу мен өріс кернеулігі өзара қалай байланысқан?
  7. Біз өткізгіш деп нені түсінеміз?
  8. Сыртқы электр өрісіне түскенде өткізгіштерде не болады?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есеп шығарту.
  1. Радиусы 2 см болатын екі шар бір-бірінен 20 см қашықтықта күшпен әрекеттеседі. Шарлар керосин ішінде олардың потенциалын есептеңдер.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §8.7-8.8 3.306-3.316 есептер, дайындық сұрақтары.

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: