Сабақ жоспарлары / Физика

Есеп шығару - Физика, 10 сынып, 66 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару.
Есеп шығару - Физика, 10 сынып, 66 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: оқушылардың тұрақты ток заңдарын есеп шығаруда, есептің мазмұнын түсіндіріп, қажетті формкулаларын таңдай білуге жаттықтыру шараларын ұйымдастыру. 
  2. Дамытушылық мақсаты: тұрақты ток заңдарын меңгеруде  білім-білік дағдының  қалыптасуын практикада қолдану.
  3. Тәрбиелік мақсаты: электр тізбегін зерттеуде схемаларды оқу, графиктік байланыстарды ажыратуда оқушылардың сауаттылығын арттыру.
Сабақтың түрі:  есеп шығару
Сабақтың әдіс-тәсілдері: электр схемасын, сызбларды оқу, интеграциялық әдістер.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,деңгейлік тапсырмалар, таратпа дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.  

 
  • 1.Тармақталған тізбектегі жалпы кедергіні қалай есептеуге болады?
  • 2.Кирхорфтың І және ІІ ережелерін тұжырымдаңдар.
  • 3.Электр тогының жұмысы, пайдалы және толық қуаты.

 
ІІІ. ДК. Тақырыпқа байланысты есептер шығарту.
  1. Оқушыларды топқа бөлу, тапсырмаларды тарату, консултантарды белгілеу.
  2. Әр топ өз есептерін тақтаға шығарып, түсіндіреді.
А) 19-жаттығу 3


ІV.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: қайталау 9.4-9.5 19-жаттығу
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: