Сабақ жоспарлары / Физика

Тұрақты электр тогы» тақырыбына есеп шығару - Физика, 10 сынып, 69 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тогы» тақырыбына есеп шығару.
Тұрақты электр тогы» тақырыбына есеп шығару - Физика, 10 сынып, 69 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: оқушылардың «тұрақты ток заңдары» бойынша білім-білігін жүйелеп қорытындылау; есептердің шығу жолдарын баяндауға жаттығу.  
  2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың электр тізбегінің схемасын оқу, есептің шартының мазмұнын жаттықтыратын шараларды ұйымдастыру.
  3. Тәрбиелік мақсаты: электр тізбегінің схемасын, шартты белгілердің таңбасын дұрыс сызуға, өлшеу құралдарының көрсетулерін анықтауға жаттығу.
Сабақтың түрі:  семинар
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық әдіспен есеп шығаруға жаттығу.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, деңгейлік тапсырмалар, таратпа дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.ДК Үй жұмысын, білімді жан-жақты тексеру.  

 
  • 1.Тармақталған тізбектегі жалпы кедергіні қалай есептеуге болады?
  • 2.Кирхорфтың І және ІІ ережелерін тұжырымдаңдар.
  • 3.Электр тогының жұмысы, пайдалы және толық қуаты.

 
ІІІ. ДК. Тақырыпқа байланысты есептер шығарту.
  1. Оқушыларды топқа бөлу, тапсырмаларды тарату, консултантарды белгілеу.
  2. Таратпа материалдар 32, 33-өзіндік жұмыс, Д.Мат, В.Кем. (78-82 беттер).
  3. Кейбір есептердің шығару жолдары.
1) Аккумулятордың ЭҚК-і 2В, тізбектегі ток 2А, қысқыштарындағы кернеу 1,8 В, оның ішкі кедергісін және тізбек кедергісін табыңдар.


ІV.ДК. Сабақты қорытындылау: оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын бақылау.
V.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: қайталау 9.1-9.7 
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: