Сабақ жоспарлары / Физика

Есеп шығару - Физика, 10 сынып, 70 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару.
Есеп шығару - Физика, 10 сынып, 70 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Электр тізбегін есептеуде білім-білік дағдысын қалыптастыру және тереңдету.
  2. Дамытушылық мақсаты: аралас тізбектерді зерттеу
  3. Тәрбиелік мақсаты: электр тізбегін зерттеуде тұрақты ток заңдарын есеп шығаруда тиісті орындарда қолдана білу.
Сабақтың түрі:  семинар
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  есеп шығару
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.  

 
  1. Электр тогы дегеніміз не?
  2. 2.Электр тогын сипаттайтын негізгі шамалар?
  3. 3.Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы қалай тұжырымдалады?
  4. 4.Воль-амперлік сипаттама дегеніміз не?
  5. 5.Ток күші және кернеуді қандай құралдармен өлшейді?
  6. 6.Электр тізбегі оның құрамдас бөліктері, электр тізбегінің сызба нұсқасы.

 
ІІІ. ДК. Тақырыпқа байланысты есептер шығарту.
  1. Оқушыларды топқа бөлу, тапсырмаларды тарату, консултантарды белгілеу.
  2. Әр топ өз есептерін тақтаға шығарып, түсіндіреді.
А) Жеке тармақтарындағы ток күшін табыңдар?

ІV.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: 3.6 есептер.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: