Сабақ жоспарлары / Физика

№5 Зертханалық жұмыс. «Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру» - Физика, 8 сынып, 37 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: №5 Зертханалық жұмыс. «Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру.»
№5 Зертханалық жұмыс. «Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру» - Физика, 8 сынып, 37 - сабақ

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: тәжірибе жүзінде Ом заңының дұрыстығына көз жеткізу; оқушылардың электр тізбегін құрастыру, өлшеуіш құралдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, өлшеу нәтижелерін түсіндіру, қорытынды жасау, ой қорыту қабілеттерін дамыту.                                   
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.                                     
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: зертханалық,
Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар, өткізгіш сымдар, амперметр, вольтметр, қыздыру шамы, кілт.

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: 
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
  1.  Зертханалық жұмыс жасауға дайындық. (әңгіме)
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы қалай тұжырымдалады?
Ток күші және кернеуді қандай құралдармен өлшейді?
Амперметр және вольметр электр тізбегіне қалай жалғанады?
Прибор бөлігінің құны дегеніміз не? Ол қалай анықталады?
  1. Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау.
  2. Зертханалық жұмысты оқулықтағы нұсқау бойынша орындау.
Жабдықтар: ток көзi, реостат, резистор, амперметр, вольтметр, кiлт, жалғастыратын өткiзгiш сым. 
Жұмысты орындауға нұсқаулар
  1. Реостатты қарастырыңдар. Қай орында тұрған кезде реостаттың кедергiсi ең үлкен және ең кiшi болатынын тағайындаңдар. 
  2. Ток көзiн, амперметрдi, реостатты, резисторды және кiлттi тiзбектей жалғап тiзбектi құрыңдар. Реостаттың қысқыштарына вольтметрдi қосыңдар. 
  3. Дәптерлерiңе тiзбектiң схемасын бейнелеңдер. 
  4. Сырғытпаны баяу жылжыта отырып, әр түрлi үш жағдайда оның ток күшi мен кернеуiн өлшеңдер. Әрбiр жағдайға сәйкес реостаттың кедергiсiн есептеңдер. Өлшеулер мен есептеулердiң нәтижелерiн кестеге жазыңдар. 

Сырғытпаның орныI, А U, В R, Ом 
















  1. Жұмысты қорытындылау, жұмыс орнын тазалау.
VI. ДК. Үй тапсырмасын беру: §38,39
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: