Сабақ жоспарлары / Физика

Қайталау сабағы - Физика, 10 сынып, 95 - сабақ

Сабақтың такырыбы: Қайталау сабағы.
Қайталау сабағы - Физика, 10 сынып, 95 - сабақ

Сабақтың максаты:
  1. Білімділік. Окушылардың 10 сыныпта алған білімін жүйелеп, өзбетінше тұжырымдауға дағдысын қалыптастыру.
  2. Дамытушылық. Зандылықтарды өзара салыстыра отырып, ажыратуға, формулаларын еске сақтау дағдысын дамыту.
  3. Тәрбиелік. Әр оқушы өз пікірін тиянақты, сауатты жеткізуге жаттығу оқушылардың білімге қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру.
Құрал-жабдықтар, көрнектіліктер: Плакаттар, стендтер, газет, т.б.
Сабақ түрі; Кіріктілген жарыс сабақ «Жұлдызды сағат» 
Әдіс-тәсілдері: пікірталас, сұрақ-жауап, айтыс, тәжірибе
I. ¥йымдастыру кезеңі.
Окушыларды алдын ала 2 топқа бөліп, топтың атын, жетекшілерін белгілеу
 Берілген тапсырмалардың қорытындысын жариялау.      
Әділ қазылар алқасы окушылардың тапқырлығын, білім-білік дағдысының қалыптасуын, сауаттылығы мен іскерлігін бағалап, топтың әр мүшесіне қорытынды ұпай береді.
II. Жарыс жоспары.
  1. Жетекші - топты таныстырады.
  2. Ғалым - топ атына сәйкес шығармашылық жүмысты қысқаша баяндайды,
  3. Лаборант (уй жұмысын орындайды) тараудағы, кұбылыстарды, олардың қолданылуын жариялайтын ақпарат дайындау (газет, стенд). Мысалы: «Электр тогы ғылымда және тұрмыста» т.б.
  4. Экспериментші - такырып бойынша эксперимент көрсетеді. Қарсы топ тәжірибені түсіндіреді, түсіндіру сапасына қарай ұпай алады.
  5. Суретші физикалық қубылысты (тақырыпқа сәйкес) суретгейді.
  6. Физик - лирик. Әр топтын айтыскері өз атына сәйкес тарауды марапаттайды,
  7. Қорытынды. Әділ қазылар алқасы әр топтың ұпайын есептеп жариялайды.
Мысалы: Физикалық айтыс.
Механика мен оптиканың айтысы:
Механика және оптика, Бір атаның баласындай.
Екеуі келді айтыста, Көрейік, қане, шамасын-ай!
Осы жақсы ұмтылысқа,
Берейік және бағасын-ай.
Қайсың жетсең мол табысқа,
Жүлдені өзің аласың-ай.
Механика:Механика деген атым бар, Қозғалысқа арнаған заңым бар.
Әлемді дерлік шарлаған, Менімен айтысқаңдарға таңым бар.
Қозғалыстың түрін аштым,
Әр нәрсенің артын бақтым
«Алма жерге неге құлайды?» деп,
Бүкіл әлемдік тартылыс заңын аштым.
Оптика:
Заңды қалай ашар ең,
Құбылысты көрмесең.
Көрсетпей ғана қояр ем,
Жүлдені маған бермесең.
Жарық заңдарын мен аштым,
Фотонды ойлап мен таптым.
Күннің нұрын мен зерттеп,
Жетіге бояп тараттым.
АЙта берсем бар құбылыс,
Жарыкқа келіп тірелер.
Фотоэффект мол табыс,
Токты да өзі реттер.
Механика:
Оптика босқа мақтанба, Фотоның да қозғалар.
Жылдамдығын оның да, Менің заңым дәл табар.
Фото тогын болар ма?
Анодка фотон түспесе.
Электроның қозғалар ма?
Әрекетін сезбесе.
Әлемде нэрсе болмас қозғалмайтын,
Ньютонның төрт заңына бағынбайтын.
Жұлдыздар, Галактика, Ай мен Күн дс козғалады,
Оптика шамаң қайда маған бағынбайтын?
Шынымен үлксн аға - механика, Әлемді шарлап жатқан техника,
«Ілімнің бастамасы - өзіңсің» деп, Артыңнан ілеседі электр мен оптика.
Шынымен механикаң күшті екен,
Жеңіске бұл айтыста қолы жеткен.
Әлемдік қозгалыстар бір заңға бағынады,
Вавилов галымымыз айтып кеткен.
ІІІ. Ұпай беру.:
  1. Жеңімпаз топ мақтау қағазбен мектеп әкімшілігі атынан марапатгалады.
  2. Жарысқа қатысушыларға –жалпы сыйлық
  3. Жеңген топқа сыйлықтар дайындау. Мысалы:  Атақ жыл-физигі-ерекше жасап беріп, тапқырлық көрсеткен оқушыға.

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: