Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Диктант «Ана тілі» - Қазақ тілі, 6 сынып, 10 - сабақ

Тақырыбы: Диктант «Ана тілі» Білімділік: Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын меңгерту. Мәтінде қанша абзац бар екендігіне тоқталу.
Диктант «Ана тілі» - Қазақ тілі, 6 сынып, 10 - сабақ

Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Дәстүрлі жазу сабағы
Әдісі:  Мәнерлеп оқу, баяндау
Көрнекілік: диктанттар жинағы
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылардың сабаққа қатысуы тиуралы кезекшінің мәліметі; 
-оқушыларға диктант дәптерлері таратылады;

ІІ.Диктант тақырыбы: Ана тілі
            Ана тілі-бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін кішкентай кезімізден, әке-шешемізге, әжеміз бен атамызға, басқа ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өзіміз өсіп, ержеткен сайын халықтан, мектептен, кітаптан, газет-журналдан, радио-теледидардан, кино-театрдан үйреніп, ана тілін тереңірек біле береміз. Ол-біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі қатынас  құралымыз.
            Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз-ертегілері, өлең-жырлары, кітаптары, табиғат пен қоғам құбылыстары атаулары, жалпы дүние жайындағы ұғымдары, ойы, сезімі – бәрі-бәрі де ана тілінде сақталады. Ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.
            Ана тілін жақсы білмейтін адамды шын мәніндегі мәдениетті адам деуге болмайды./109 сөз/

ІІІ. Сабақты бекіту:
*Мәтінді мәнерлеп, баяулатып оқу.
*Оқушылардың өз беттерінше тексеріп шығуына мүмкіншілік беру.
ІV. Үйге тапсырма:
Барлық өткен тақырыптарға шолу жасау: 
*Қазақ тілі оқулығындағы 21 беттегі пысықтау сұрақтары бойынша дайындалу.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: