Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті
Жазбаша, ауызша тілдің орфографиялық нормалары - Қазақ тілі, 6 сынып, 9 - сабақ
Тақырыбы: Жазбаша, ауызша тілдің орфографиялық нормалары.
Мақсаттары:
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар тұрақты тіркестерге мысалдар келтіріп, мағыналарын ашады.
33 жаттығу: Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек жазу.
34-жаттығу: Оқу мен білімге, тәрбиеге, халықты, елді, Отанды, ата-ананы сүюге, ерлікпен ел қорғауға, достыққа байланысты мақал-мәтелдер жазып келу, мағынасын ашу.
/оқушылар өздерінің мақал-мәтелдерін оқып, мағыналарын ашады/
ІV.Жаңа сабақ: Жазбаша, ауызша тілдің орфографиялық нормалары.
Сөздердің дұрыс жазылу ережелері 3 принципке негізделеді:
1.Фонетикалық принцип: сөздің бөлшектері қалай айтылса, солай жазылады.Бұл принцип сөздегі қосымшалардың жазылуында ескеріледі.
Мысалы:адам-дар, ағаш-тар, қарт-қа т.б.
2.Морфологиялық принцип: күрделі сөздердің арасында айтылуында олардың бір сыңарының кейбір дыбысы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бірақ морфологиялық принципке сай түбірлері сақталынып жазылады.
Айтылуы жазылуы
Мысалы: шегара -шекара
жер-гөк - жер көк
қоян-ғолтық -қоян-қолтық
3. Дәстүрлі принцип:
Қазақтың байырғы сөздері бұрын қалай жазылса, қазір де сол қалыптасқан күйінде жазылады.
Мысалы: айуан, хайуанат, кейуана, миуа, қиуа т.б.
Сөздердің дұрыс жазылуын орфографиялық сөздіктер. Дұрыс айтылуын орфоэпиялық сөздіктерде көрсетіледі.
ІV.Жаттығулар орындау:
37 –жаттығу: орфографиялық сөздіктен түбір тұлғалары өзгеріске ұшырап жазылған және екі түбірден тұратын бірнеше кісі аттарын теріп жаз:
Торайғыр-Торы-айғыр, Ұлбосын-Ұл –болсын, Амангелді-Аман-келді,
Ботагөз- Бота-көз Сәтбай-Сәтті-бай Сатыбалды-Сатып-алды
Қарагөз-Қара-көз Нұргелді-Нұр-келді
39-жаттығу: Берілген сөздер мен тіркестерді оқып, жазылуы мен айтылуын салыстырыңдар, дыбыстық өзгеруінің себебін айтыңдар.
жазылуы айтылуы
жұмысшы жұмышшы
сөзсіз сөссіз
газ жолы гаж жолы
көз жазбау көж жазбау
боз жорға бож жорға
мұз жарғыш мұжжарғыш
қыс бойы қыс пойы
ақ гүл ақкүл /оқушылар жалғастырады/
V. Тақтамен жұмыс:
Кеспе қағазда орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу. /Оқушылар мұғалімнің үстеліндегі кеспе қағаздардағы сөздерді таңдап алып, тақтаға шығып орындайды/
*Орфография дегеніміз не?
*Орфоэпия дегеніміз не?
*Қандай принциптерге негізделген?
VI. Үйге:40-жаттығу: Төмендегі сөздерді орфографиялық норма бойынша жазыңдар:
41-жаттығу: Берілген сөздердің мағыналарын анықтап, түсіндірме сөздіктің үлгісімен жазыңдар.
VI. Бағалау
- Сөздің айтылу және жазылу нормалары туралы түсіндіру, фонетикалық, морфологиялық, дәстүрлі принциптер туралы мағлұмат беру.
- Оқушылардың сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
- Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке, өз беттерімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметі;
- Оқу құралдарын ретке келтіру;
- Оқушыларды тәртіпке шақыра отырып, сабақтың мақсаты айтылады.
Оқушылар тұрақты тіркестерге мысалдар келтіріп, мағыналарын ашады.
33 жаттығу: Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек жазу.
34-жаттығу: Оқу мен білімге, тәрбиеге, халықты, елді, Отанды, ата-ананы сүюге, ерлікпен ел қорғауға, достыққа байланысты мақал-мәтелдер жазып келу, мағынасын ашу.
/оқушылар өздерінің мақал-мәтелдерін оқып, мағыналарын ашады/
ІV.Жаңа сабақ: Жазбаша, ауызша тілдің орфографиялық нормалары.
Сөздердің дұрыс жазылу ережелері 3 принципке негізделеді:
1.Фонетикалық принцип: сөздің бөлшектері қалай айтылса, солай жазылады.Бұл принцип сөздегі қосымшалардың жазылуында ескеріледі.
Мысалы:адам-дар, ағаш-тар, қарт-қа т.б.
2.Морфологиялық принцип: күрделі сөздердің арасында айтылуында олардың бір сыңарының кейбір дыбысы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бірақ морфологиялық принципке сай түбірлері сақталынып жазылады.
Айтылуы жазылуы
Мысалы: шегара -шекара
жер-гөк - жер көк
қоян-ғолтық -қоян-қолтық
3. Дәстүрлі принцип:
Қазақтың байырғы сөздері бұрын қалай жазылса, қазір де сол қалыптасқан күйінде жазылады.
Мысалы: айуан, хайуанат, кейуана, миуа, қиуа т.б.
Сөздердің дұрыс жазылуын орфографиялық сөздіктер. Дұрыс айтылуын орфоэпиялық сөздіктерде көрсетіледі.
ІV.Жаттығулар орындау:
37 –жаттығу: орфографиялық сөздіктен түбір тұлғалары өзгеріске ұшырап жазылған және екі түбірден тұратын бірнеше кісі аттарын теріп жаз:
Торайғыр-Торы-айғыр, Ұлбосын-Ұл –болсын, Амангелді-Аман-келді,
Ботагөз- Бота-көз Сәтбай-Сәтті-бай Сатыбалды-Сатып-алды
Қарагөз-Қара-көз Нұргелді-Нұр-келді
39-жаттығу: Берілген сөздер мен тіркестерді оқып, жазылуы мен айтылуын салыстырыңдар, дыбыстық өзгеруінің себебін айтыңдар.
жазылуы айтылуы
жұмысшы жұмышшы
сөзсіз сөссіз
газ жолы гаж жолы
көз жазбау көж жазбау
боз жорға бож жорға
мұз жарғыш мұжжарғыш
қыс бойы қыс пойы
ақ гүл ақкүл /оқушылар жалғастырады/
V. Тақтамен жұмыс:
Кеспе қағазда орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу. /Оқушылар мұғалімнің үстеліндегі кеспе қағаздардағы сөздерді таңдап алып, тақтаға шығып орындайды/
- Үздүк оқушы -үздік оқушы
- Көлөңке -көлеңке
- Кітәб оқу -кітап оқу
- Жасса -жазса
- Ауысша -ауызша
*Орфография дегеніміз не?
*Орфоэпия дегеніміз не?
*Қандай принциптерге негізделген?
VI. Үйге:40-жаттығу: Төмендегі сөздерді орфографиялық норма бойынша жазыңдар:
41-жаттығу: Берілген сөздердің мағыналарын анықтап, түсіндірме сөздіктің үлгісімен жазыңдар.
VI. Бағалау
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: