Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Сөз таптары. Зат есім. - Қазақ тілі, 6 сынып, 24 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары. Зат есім. - Қазақ тілі, 6 сынып, 24 - сабақ

Мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға сөз таптары, оның ішінде зат есім, зат есімнің жалпы есім, жалқы есім түрлері туралы тереңірек білім беру.
Дамытушылық: Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Тәрбиелік: қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік-эстетикалық семзімдеріне тәрбиелеу, адамдық қасиеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: оқушылар зат есімнің грамматикалық категориялары туралы толық меңгереді, сөйлем арасындағы зат есімдерді сұрақ қою арқылы бірден таба алады.
Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.
Әдісі: түсіндіру, ізденіс, сұрақ-жауап, талдау.
Көрнекіліктер: тақырыпқа арналған кесте-плакат, тақта, бор, оқулық
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
*оқушыларды түгендеу;
*оқу құралдарын тексеру;
*оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Абай өлеңдерінің бір шумағын жазып, ішінен атауыш және көмекші  сөздерді табу.
                                    Қараңғы түнде тау қалқып,
                                    Ұйқыға кетер балбырап.
                                    Даланы жым-жырт дел-сал қып,
                                    Түн басады салбырап.
                                    Шаң шығармас жолдағы
                                    Сілкіне алмас жапырақ
                                    Тыншығарсың сен дағы
                                    Сабыр қылсаң азырақ.
(Бұл өлең жолдары кімнің аудармасынан екен?)
Гетенің шығармасын Лермонтов орысшаға аударған:
Горные вершины
Спять во тьме ночной
Тихие долины,
Полны свежей мглой.
Не пылит дорога
Не дрожат листы.
Подожди немного,
Отдохнешь и ты.
ІІІ.Жаңа сабақ Сөз таптары. Зат есім
Тақтағы сызба сызылады:


ІV. Шығармашылық жұмыс. «Біздің ауыл» тақырыбында шағын әңгіме жазу.
/жалқы есімдер, деректі, дерексіз зат есімдердің астын сызып, құрамына талдау жасау.
V. Абайдың ұлағатты сөзін алып, талдау жұмыстарын жасау.
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады
  1. Зат  есім        сөздерді табу.
  2. Құрбы  сөзіне        сатылай  кешенді талдау жасау. 
І топ. Фонетикалық талдау жасау /мүмкіндігінше математикалық тәсілді қолдануға болады/
ІІ топ. Фонологиялық талдау жасау
  1. Фонетикалық талдау: Құрбы =O=……..=?
Шешуі:  Құрбы =   5O=    2 □ (ұ, ы)+ 3∆ (қ, р,б)
Қ- ∆-қатаң
Ұ-□, жуан, қысаң, еріндік
Р-∆, үнді
Б-∆, ұяң
Ы- □, жуан, қысаң, езулік


VI. Сабақты бекіту:
Зат есім заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы.
Құрамына қарай:дара күрделі,
Тұлғасына қарай:негізгі, туынды
Мағынасына қарай:деректі, дерексіз
Жалпылай немесе жекелей аталуына қарай:жалпы есім, жалқы есім
VI.Үйге тапсырма: 
118-жаттығу
Өздерің білетін жалқы есімдерді дәптеріңе жазыңдар.
Зат есім туралы оқу.
VIІ.Бағалау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: