Әдістемелік көмек / Қазақ тілі мен әдебиеті

"Көктем" - бақылау диктанты, 7 сынып

Мақсаты:  Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану деңгейін анықтау.  
"Көктем" - бақылау диктанты, 7 сынып

Тақырыбы: Көктем.

Көктем... Көз жетер жер тұп-тұтас көкшіл тартқан, бусанған, торғын түсті жұқа шымылдық ішінен көлеңдеп көрінгендей, рең тапқан. Аспан айрықша биіктеп, алып шатырдай күмбездене керіліп тұр. Үлбіреген көк жібек шатыр секілді, әдеттен тыс таза, мөлдір. Ақ қайыңдар іргесін қуалап бұраң қаққан бұлақтар да таза. Тастан- тасқа секіріп, әлдебір шыны сауыттан басқа бір шыны сауытқа құйылғандай шылдырай төгіліп, сыңғырлап әдемі ағады.

Тау жақ тіпті сұлу. Қолмен шанышқандай түп-түзу, тіп-тік көк бұйра шынарлар қар жамылған шыңдарға қарай, ентелеп, өрмелеп барады.

Көшедегі ағаштар тегіс жапырақ жамыла қоймағанымен, қою ағаш арасы алуан үнге толы. Жер бетінде әр түрлі дауысты әнші құстар көп-ақ екен. Оны да Жанар жаңа білді, бүгін, дәл қазір сезді. (120 сөз.) (З. Қабдолов)

Тапсырма:
1. Етістіктің рай түрлеріне қарай талда.
2. Қос сөздерді түрлеріне қарай ажырат.
3. «Көз жетер жер» тіркесіне лексикалық талдау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: