Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Диктант «Алатау сұлулығы» - Қазақ тілі, 6 сынып, 26 - сабақ

Тақырыбы: Диктант «Алатау сұлулығы»
Диктант «Алатау сұлулығы» - Қазақ тілі, 6 сынып, 26 - сабақ

Білімділік: Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын меңгерту. Мәтінде қанша абзац бар екендігіне тоқталу.
Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, жинақылыққа, таза әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Дәстүрлі жазу сабағы
Әдісі:  Мәнерлеп оқу, баяндау
Көрнекілік: диктанттар жинағы
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылардың сабаққа қатысуы тиуралы кезекшінің мәліметі; 
-оқушыларға диктант дәптерлері таратылады;

ІІ.Диктант тақырыбы: Алатау сұлулығы
            Шұбар ауылы кәдімгі жеті өзенді сағалаған басқа  елді мекендер сияқты Жоңғар Алатауының етегінде жатыр. Қоғалы мен Текелі тауларының аралығындағы Ешкіөлмес аталатын жота-осы ауылға ең жақын тұрған тау. Ол барып биік тауға, асқар шыңдарға жалғасады.
            Алатау сұлулығын ешкім әлі айтып жеткізе алған жоқ. Оны айтып жеткізу мүмкін болмас еді. Алатаудың мына  шоқылары да нақ бір сондай тіл жетпес сұлу. Кеші мен таңы тағы тамаша.
            Күннің аппақ түстес сарғыш сәулесі тау биігіндегі ақша қарға ойнап шыға келді. Аппақ қар басқан биіктен көрінгенде, күннің өзі де алтын түстес болып кетеді.
            Күн көтеріле түсті. Ешкіөлместің көк жотасына иек артты. Күн сәулесі шашырап барады. Сәуленің астындағы бір тармақтары қалың шыңдарға найзадай шаншыла түсті. (С.Бақбергенов, 108 сөз)
ІІІ. Диктант екі рет оқылады, түсініксіз сөздер тақтаға жазылады: Ешкіөлмес, иек.
Тапсырма: мәтіндегі жалқы есімдердің астын сызыңдар.

Сабақты бекіту:
*Мәтінді мәнерлеп, баяулатып оқу.
*Оқушылардың өз беттерінше тексеріп шығуына мүмкіншілік беру.
ІV. Үйге тапсырма:
Барлық өткен тақырыптарды қайталау.
Бағалау: диктант тексерілген соң, келесі сабақта бағаланады
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: