Әдістемелік көмек / Қазақ тілі мен әдебиеті

"Біле берген - білімді" - бақылау диктанты, 7 сынып

Мақсаты:  Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану деңгейін анықтау.  
"Біле  берген  - білімді" - бақылау диктанты, 7 сынып

Тапсырма: Біле берген - білімді.

Егіншілік тарихында сұлыны бидай мен бидайықтың буданы деп ескерусіз қалдырып, екпей қойған кездер де болған екен. Кейінгі уақыттарда бұл дақылдың көптеген пайдалы қасиеттері бар екені анықталды. Оның ұзынша дәнінде май бидайға қарағанда үш есе , макро және микроэлементтер екі есе көп болады екен. Ал витаминдер мен амин қышқылдарының көптігі жағынан сұлының алдына шығатын дақыл аз көрінеді. Халықтық ем-домда оның ботқасы жүрек пен бауыр ауырғанда ем деп есептелген, туберкулезбен ауырғанда оның тұнбасын бал қосып ішкізген.
Биохимиктер бұл дақылдың мұндай бірегей қасиеттері онда кремнийдің өзге дақылдардан ( күрішті айтпағанда ) сан есе көп болатынынан деп біледі. Кремний зат алмасуда , сүйек пен тістің нығаюында басты рөл атқарады. Қотыр- сотыр дендеген әлжуаз балалар сұлы диетасында бірден тыңайып, тазара бастайды. Кремний жетіспейтін болса диабетике, гипертонияға және басқа кеселдерге шалдығу қаупі күшейеді.
(Қазақ күнтізбесі)

Тапсырма:
1. Егіншілік тарихында сұлыны бидай мен бидайықтың буданы деп ескерусіз қалдырып, екпей қойған кездер де болған екен. Сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысу түрлері мен тәсілдеріне талда.
2. Есімше мен көсемше астын сыз.
3. «Салауатты өмір салты дегеніміз не?» Ойтолғау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: