Тарих / Рефераттар
РГР: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін алып, өз алдына әлем мемлекеттерін мойындатқан ел болды. Бірақ елдің өткеніне зер салсақ бұл тәуелсіздікке қол жеткізу оңай болмағанын білеміз, осы жолда қаншама батырларымыз, қоғам қайраткерлеріміз құрбан болды. Бостандыққа қол жеткізу үшін Сырым, Исатай, Махамбет, Кенесары секілді батырлар халықты бастап көтеріліске шықты, алайда олар әрдайым жеңіліске ұшырап, көтеріліс аяусыз басылып отырды. Осы көтерілістер туралы шындықтар1991 жылға дейін белгісіз болды.
Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары мен қайшылықтары отандық тарих ғылымында да теріс баяндалып келді. Тек ел ітгесі қаланғаннан кейін ғана отан тарихы зерделі зерттеліп, көптеген тарихи шындықтардың беті ашылып , халыққа жарияланды.
Менің бұл тақырыпты жазғандағы мақсатым Кенесары тұлғасын танып білу, оның басшылығымен болған өз тұрғымнан шағын зерттеп, өз пікірімді қалыптастырғым келеді. Ал енді бұл оқиғаның зертелуі мен Кенесарының жеке тұлғасының зерттелуі жайлы біраз ой толғасақ.
1837-1847 жылдардағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы орыстың дворяндық-буржуазиялық тарихнамасында әртүрлі бағыттағы авторларды қоғамдық-саяси көзқарасына орай әртүрлі деңгейде қарастырылды. Мерзім жағынан алып қарағанда Кенесары көтерілісіне өз пікірін баспа бетінде ашық білдірген орыс әскерінің офицері, халқымыздың ұлы ғалымы Абылай тұқымының бір бұтағы Шоқан Уалиханов.
1951 жылдың сәуір айының 10 санында «Правда»ьгазетінде жарияланған тарихымызды зерттеудің болашағына ауыр зардабын тигізген мақалаға орай қабылданған Қазақстан КП Орталық комитетінің арнайы қатарындағы осы көтерілісті даттаған «феодалдық-монархиялық, реакциялық» деген лайықсыз біржақты баға көтеріліске байланысты Шоқан еңбектеріндегі тұжырымға мейлінше жақын. Шоқан бұл көтерілісті шындықты бұрмалай қорытындылайды: «бүлікші сұлтан Кенесары - феодалдық монархиялық қозғалысқа бас болып, хандық билікті қалпына келтіруге тырысты, Орта Азия феодалдық мемлекеттеріне ұқсас қазақ хандығын құрғысы келді». Екінші бір еңбегінің түсіндірмесінде «осы кезеңде ескімен жаңащылдық бір-бірімен тіресуде еді, мұсылмандық шығыс және орыстық құбылыстар» деп қазақтың ұлы саяхатшысының Кенесарыны мадақтап кететін жерлері де бар. Шоқан Уәлихановтың берген, жалпы алғанда, бір жақты бағасының кейінгі орыс тарихшыларына сілтеме жасар мықты бір дерек болғанын да айта кету керек.
XIX ғасырдың екінші жартысында жарық көрген еңбектердің ішінен Кенесары көтерілісін арнайы зерттеген М. Красовский мен И. Завалишинніңеңбектерін ерекше бөліп қараған жөн. Әсіресе М. Красовский көтерілісті патша үкіметінің жүргізіп отырған сыртқы саясатымен байланыстыра талдауы көңілге қонады. Біз жоғарыда сілтеме жасап отырған М. Красовскийдің зерттеуі жалпы. «Сібір қырғыздарының обылысы» тарихына алғанмен 1822 жылғы патша уставының салдарынан басталған көтеріліске патша үкіметінің жаулап алу саясатын ақтау бағытында түсініктеме берген И. Завалишиннің кітабындағы сипаттама, империяның шеткері аймақтарды басып алып, жерін кеңейту саясатын дәріптеу тұрғысынан жазылған. Бұл екі еңбектің де отаршылдық саясатты насихаттауы жағынан бағыты бір, нысанасы да бір.
Әрине, XIX ғасырдың екінші жартысында жарық көрген еңбектер арасында 1870 жылы «Вестник Европа» журналының екі санында жарық көрген Н. Середанның құнды зерттеуі оқау тұр. Әртүрлі деректерді мол пайдалануы жағынан, қарастырылған мәселелерінің аумақтылығына біз кең пайдаланған еңбегінің ғылыми құндылығы зор. Кенесарыға берілген автордың бағасы мен көтерілістің сипатын айқындауда автор көзқарасында қайшылықторын алады.
Халықтық көтерілісті «бүлік», «қарақшылардың ісі» деп жазса, ханның өзін «құйын мен дауылға» салыстырады. Европа әскерлерінің тамаша қолбасшыларына теңейді. В. Поттонның, орыс әскерінің полковнигі, зерттеуші М. Венюковтың еңбектері тіпті басқа мәселелерге арналғанмен көтеріліс жөнінде қызықты мәліметтер бере алады, мысалы, көтерілісшілердің Екатеринская станциясын қоршауына байланысты жеке мәліметтер Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архивы мен В. Поттонның еңбегінде ғана толық берілген.

Онлайн жүктеп алу:
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: