Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі пәнінен 7 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл
Қазақ тілі пәнінен 7 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

Сабақтың 
  1. білімділік мақсаты: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарымен таныстыру, Тіл туралы Заңының тараулары мен баптарын оқытып, үйрету;
  2. дамытушылық мақсаты: Берілген тақырыптардың бірін таңдап, өз ойларын жазу. «Мен-Ана тілім- Болашақ» тақырыбында өз пікірлерін орта салу пікір алмасу ұйымдастыру;
  3. тәрбиелік мақсаты: : Оқушылар Қазақстан Республикасы азамат ретінде тілге қатысты құжаттарды білу, оны сауатты пайдалана білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: баяндау, пікірлесу
Сабақтың көрнекілігі
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі 
Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
  1. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?
  2. Тіл саясаты туралы Заң қай жылы қабылданды?
  3. Қазақ тілі –мемлекеттік тіл мәртебесін қай жылы алды?
2. Жаңа сабақ
      Сабақтың тақырыбы хабарланып,мақсаты айқындалады.
Әдеби тіл дегеніміз- белгілі бір қалыпқа түскен, қарапйым сөйлеу  тілінен жоғары тұрған, жалпыға бірдей міндеті әрі дұрыс қабылданған нормасы бар тіл.
Сөздердің жазылуында да, айтылуында да, грамматикасында да және терминдердің жұмсалуында да орнығып, қалыптасқан бірізділікті норма деп атайды.
 Нормаға түспеген тіл әдеби тіл деп есептелмейді.
      Қазақ халқының әдеби тілі-қазақ тілі. 
1989 жылы қазан айында республиканың Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстанның Тіл туралы заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
3.Сұрақтар мен тапсырмалар
  1. Қазақ тілін әдеби тіл деп атаудың мәнін түсіндіріңдер.
  2. Қазақстанда қазақтардан басқа қандай халықтар тұрады?
  3. Қазақ халқы Қазақстаннан басқа тағы қай жерлерде тұрады? Олардың  ана тілі қай тіл?
4. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
1. Өлеңді оқып, жаттап алыңдар.
2. Қазақ тілін неліктен баба тілі дейтінін жазбаша түсіндіріңдер.
5. Тіл дамыту
2-жаттығу.
Алдыңғы сыныптарда оқыған материалдарыңды еске түсіріп, ана-тілінің қадірі-қасиеті жайында ауызша әңгімелеңдер.
6. Морфологиялық талдау. Төмендегі мақалдарды оқып, олардың мағыналарын анықта.
1.Абыройлы боламын десең, Өз жұмысыңның ұстасы бол. 2. Құт-құтты болса құт, Құтсыз болып келсе жұт. 3. Күн құлақтанса, күрегіңді сайла, Ай құлақтанса, араңды сайла. 4.Ақылды мың жасар, Ақымақ бір жасар.
 Құт, жұт, Күн,Ай- дегендер қандай ұғымдардың атаулары екенін айт.
* Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.
Үлгі: Абыройлы- абыройлы, дара, туынды,сын есім (зат есім+лы)
7. Сабақты қорыту.
8. Үйге тапсырма.
3-жаттығу.
1. Мәтінге ат қою. Тырнақшаға алынып жазылған сөздердің мәнін ашу.
2. Қазақ тілінің өте бай әрі көркем тіл екендігін мәтіннен аңғарып, пікірлерін жазбаша жазып келу.
3. «Баба тілі» өлеңін жаттау.


Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: