Информатика / Рефераттар

Пролог тілінде «компьютерлік ойындар» атты бағдарлама құру

Іс жүзіндегі сарапшы жүйелер 60-70-ші жылдары құрылып,  кеңінен тараған сарапшы жүйелер қазір классикалық жүйелер қатарына кірді. Әдебиеттегі шолулар көрсеткендей, сарапшы жүйедегі программалардың жасанды зерде тарауларынан ерекшелейтін басты қасиеттерінің бірі - оның білімдер қоры болып табылады. Сарапшы жүйе программалары жасанды зерде тәсілінде программалардың барлық жолдарын, әдістерін пайдалана алады. Сарапшы жүйелер белгілі бір облыс бойынша маманның, сарапшының жинақтаған білімі негізінде күрделі интеллектуалды мәселелерді
Пролог тілінде «компьютерлік ойындар» атты бағдарлама құру

ПРОЛОГ-тың басқа тілдерден ерекшелігі - онда жазылған программалардың мағлұмдамалық сипатта болуы. Программаның негізгі құрылымдық блоктарына белгілі бір құрылымдағы нысандар жиыны және осы нысандарды байланыстыратын функциялар мен қатынастар жатады. Программалаушы ПРОЛОГ-та есеп алгоритмінің орнына, оның логикалық спецификациясын құрады. Ал ары қарай алгоритм құруды ПРОЛОГ жүйесі автоматты түрде өзі жасайды. Ол оны өз бойындағы логикалық шығару механизмі көмегімен іске асырады. Бұл іс-әрекет былайша атқарылады: мәселенің мақсаты - дерекқорға сұрату есебінде құрылады. Бұл сұратуда салалық мәселе аумағының сипаттамасы бар. Сұратудағы мәндерді дерекқордан іздеу үшін ПРОЛОГ жүйесі - шығару механизмін іске қосады.  Осылайша, ПРОЛОГ-та өтетін есептеулер есептің мақсатты тұжырымын дәлелдеуге арналған дедукция үдерісі болып табылады. ПРОЛОГ  - логикалық программалаудың ең көп мәлім болған мысалы. Логикалық программа дегеніміз логика шеңберіндегі спецификациялар жиынтығы. 

Тапсырма. Пролог тілінде «Компьютерлік ойындар» аттты бағдарлама құру. Берілген бағдарлама білімдер қорына негізделген сарапшы жүйені модельдейді. Білім коры интернет арқыллы және интернетсіз болып бөлінген компьютерлік ойындар туралы ақпараттық мәліметтермен толықтырылған. Соның негізінде қандай ойын түрін таңдағанымыз нәтиже ретінде шығады.


Сарапшы жүйе дегенiмiз - белгiлi бiр сала мәселелерiн шешуде сарапшы-маман адамды ауыстыра алатын жасанды жүйе. Бұл жүйе жөнiндегi зерттеулердiң мақсаты, құрылымы қиын есептердi шығарғанда сапасы мен тиiмдiлiгi жағынан адам тапқан шешiмнен кем түспейтiн нәтижеге жететiн компьютерлiк программалар жасау. Яғни, әңгiме сарапшы-адамның зияткерлік еңбегiн автоматтандыру жайында болмақ. Сарапшы жүйедегi программалардың жасанды зерде тарауларындағы басқа бағыттардан ерекшелейтін белгілерге: бұл жүйедегi программалардың құрылымы қиын, iс жүзiнде маңызы бар, шешiм жолын табуы қиын есептердi шығаруға қолданылады; жүйе өзiнiң тапқан шешiмi туралы түсiнiгiн пайдаланушыға сапалы деңгейде түсiндiрiп бере алуы керек, бұл оның сандармен жұмыс iстейтiн алгоритмдерден ерекшелiгi; табылған шешiм өзiнiн сапасы мен тиiмдiлiгi жағынан адам тапқан шешiмнен кем болмауы керек; маманмен пiкiр алысуы арасында өзiндегi бар бiлiмдi үнемi толықтырып отыратын қасиетi болуы керек сияқты қасиеттерiн жатқызамыз. Осы теориялық қағидаларға байланысты әдеттегi сарапшы жүйе, өзiнiң құрамында бiрнеше бөлiктер болуын қамтамасыз етуі керек. Ол бөлiктердi атап айтсақ: бiлiм қоры, жұмысшы зердесi, түсiндiрме-басқару құралы, пайдаланушыға түсiнiктi болуын қамтамасыз ету бөлiгi, бiлiмдi ала бiлу бөлiгi, түсiндiру бөлiгi.

Онлайн жүктеп алу:

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: