Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

XIX ғ. I жартысындағы әдебиет - Қазақ тілі, 10 сынып

Тақырыбы: XIX ғ. I жартысындағы әдебиет
XIX ғ. I жартысындағы әдебиет - Қазақ тілі, 10 сынып

Мақсаты: XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармаларына шолу жасау,өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу
Дамытушылығы:  Сол дәуірдегі өмір сүрген ақындар шығармаларына шолу жасау.
Тәрбиелілігі: Елін, жерін суюге тәрбиелеу
Әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: тарих
Барысы:  I.Ұйымдастыру кезеңі: 
  • II.Үй тапсырмасын сұрау
  • III.Жаңа сабақ
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті өзінен бұрынғы
тарихи дәстүрді ғана ұстанып, сол бір ғана арнамен дамып қана қоймай, түрлі бағыттағы ағымдар пайда болды. Өйткені «әдебиет – халық өмірінің айнасы». Сол себепті әдебиет әрқашан өз кезіндегі тарихи-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланыста туып, өрбіп, дамып отырады. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті де елдің тарихи-әлеуметтік жағдайымен тығыз байланыста туып, қалыптасты. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиетінің бағыт-бағдарын, өсу-өркендеу жолын білу үшін сол кездегі қоғамдық және тарихи-әлеуметтік жағдайды жете танып-білу қажет.
XIX ғасырдың басында патша үкіметі отар елді басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыра бастады. Осы жүйе арқылы қазақ даласына бұған дейінгі кезеңге мүлде ұқсамайтын жаға дәуір келді де, ол өміріндегі басты мәселе қазақ жұртының бұрынғы дербестігінен айырыла бастауынан туындап жатты. Қоғамдық құрылыс пен ел басқару ісіндегі болып жатқан тархи жағдайқазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайына ерекше әсер етті және оның саяси құрылымының өзгеруіне алып келді.

Қазақ даласына жаңа ғасыр келіп, қазақ қауымы жаңа құрыла бастаған кезеңде, XIX ғасырдың бірінші жартысында, сол қоғам келбетін, дәуір тынысын өз шығармаларында барынша жан-жақты, сан қырлы сипатта, түрлі мазмұнда бейнелеп,халық тағдырын арқау еткен дарынды ақындар шоғыры тарих сахнасына шықты. Олар: Дулат, Байтоқ, Жанұзақ, Шортанбай, Махамбет, Шернияз, Алмажан,     Жанкісі, Жанақ, Абыл, Түбек, т.б ақындар еді.

Байтоқ, Жанұзақ сияқты ақындар біріңғай хандық дәуірді жақтап,хандарды мақтап жырлады, хандарды хошеметтеу тұрғысы-нан ғана өлең, жыр туғызды.

Дулат, Шортанбай, т.б бірқатар ақын-жыраулар отаршылдыққа, патша үкіметіне арқа сүйеп, елге қысым көрсетуші әкім, сұлтандарға қарсы бағытта толғады, ұлттық мүддеге, дәстүр-салтқа, әдет-ғұрыпқа төнген қауіпті ашына көрсетті. Ел ішін бүлдіруге сендер кінәлісіңдер деп ауыл әкімдерін, билерін сынап, сатиралық сипаттағы өлеңдерін туғызды.  

XIX ғасырдың бірінші жартысында жасаған, сол өзі өмір сүрген дәуірдегі патшалық заманының шынайы келбетін, қайшылықты жақтары мен көлеңкесі тұстарын нақты тани біліп,өз шығармаларына арқау еткен, көркем көрінісін бейнелеп берген талантты ақынның бірі – Шортанбай Қанайұлы.
  • IV.Оқулықпен жұмыс.
  • V.Сабақты қорытындылау.
  • VI.Бекіту.
  • VII.Үйге: қосымша дерек жинау,конспектілеу
  • VIII.Бағалау.

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: