Сабақ жоспарлары / Бастауыш сыныптар

3 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Қазақ тілі

Қазақ тілі пәнінең бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспарлары.
3 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Қазақ тілі

   Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріпті қайталаймыз.
   Сабақтың мақсаты: дыбыстар және әріптер туралы 2 сыныпта алған білімін еске түсіру, қайталау дауыссыз дыбыстар айтылу ерекшелігіне қарай қандай түрлерге бөлінетінін пысықтау; дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстардан ерекшелігін түсіндіру.
   Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, «Ұқсастық пен даралық», «3 қадамдық қадамдық сұхбат» стратегиялары (СТО бағдарламасының стратегиялары).
    Сабақтың барысы: 
    Қызығушылықты ояту
   Оқушылар топқа бөлінеді.
   Дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін сұрақ - жауап арқылы қайталау.
   Тақтаға мынадай сөздер жазылады: дала, білім  халық, қымыз.
   Осы сөздерді құрап тұрған тек дауысты дыбыстар тізбегін жазу: аа, іі, аы, ыы.
   Мынадай сұрақ қойылады:
   - Осы тізбектен қандай сөздер екенін білуге бола ма?
   Енді сөздердің тек дауыссыз дыбыстарын көшіріп жазады: Д...Л..., б...Л...М, Х...Л...Қ, қ...м...з.
   - Бұл әріптер тізбегінен сөз құрастыруға бола ма?
   Осы тапсырманы орындап болғаннан кейін, топ мүшелері өзара пікірлесе отырып, өз қорытындыларын айтады.  Мысалы, дауысты дыбыстар буын құрай алса, сөйлеу кезінде дауысты дыбыстармен қатар дауыссыз дыбыстардың да маңызы зор. Дауысты, дауыссыз дыбыстар бір-бірінсіз сөз құрай алмайды .
   Сабақ басындағы қайталауға берілген тапсырма оқулық бойынша орындалады. Оқушылар көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою арқылы сөйлемдерді ауызша толыктырады.
   Мағынаны тану кезеңі
   1-жаттығуды орындап болғаннан кейін, жуан, жіңішке дауысты дыбыстар еске түсіріледі. Сөздегі дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болуына байланысты сөздердің де жуан, жіңішке айтылатынын естеріне түсіреді.
   2-жаттығуды орындау кезінде жаңа сөз жасап тұрған дыбыстардың қосындысынан «Оқу түбі - тоқу» деген мақал шығуы керек. Бір дыбыстың өзгеруінің өзінен сөздің мағынасы өзгеретіні түсіндіріледі.
   3, 5-жаттығу да бір дыбыстың өзгеруінен жасалған жаңа сөздерді табуға арналған. Оқушылар өзгерген сөздердің мағынасын түсіндіреді.
   4-жаттығуды орындау арқылы сөздерге дыбыстың талдау жасап, дыбыс пен әріптің айырмашылығын еске түсіреді.
   Жаттығулар орындалғаннан кейін топтарға тапсырмалар беріледі. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды еске түсіріп, дауысты, дауыссыз дыбыстардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін «ұқсастық пен даралық» стратегиясы бойынша анықтау керек. Сызбаны әр топ өздерінің қалауынша, әртүрлі формада сызуына болады. Мысалы, үшбұрыштар, ашылған кітап, үй тәріздес, т.б.

  Бастапқы шеңбердің ішіне дауысты, дауыссыз дыбыстардың айырмашылықтары, үшінші шеңберге ұқсастықтары жазылады.
   Ойтолғаныс
   «Егер дыбыстар мен әріптер болмаса...» деген тақырыпта эссе жазу.
   Сабақтың тақырыбы: И, й, у әріптерінің жазылуы


   Сабақтың мақсаты: 2-сыныпта и, й, у әріптерінің жазылуы туралы алған білімін еске түсіру, қайталау; и, у дауысты дыбыстарының кейде жуан, кейде жіңішке айтылуының себептерін анықтау; и және й дыбыстарын салыстыру у дыбысын жұп дауысты ұ, ү дыбыстарынан сөз ішінде айыра біліп, дұрыс жаза білуді үйрету.
   Сабақтың әдістері: «Венн диаграммасы», «Топтастыру», «Семантикалық карта» стратегиялары.
    Сабақтың барысы: 
    Қызығушылықты ояту
   Оқушылар топқа бөлініп отырады.
   Оқушылар санына сәйкес дауысты (жуан, жіңішке) дауыссыз (қатаң, ұяң, үнді) кеспе әріптер үстелдің үстіне теріс қаратылып жайылып қойылады. Әр оқушы бір әріптен алып өзіне тиісті орынға барып отырады. Оқушылар дыбыстардың түрлеріне қарай бөлініп отырады. Тақырыптар бойынша өткен материалдар қайталанады
   1-топ. Жуан дауысты дыбыстар. Қолдарындағы әріптерді қатыстыра отырып, жуан айтылатын сөздерге мысалдар келтіреді. Сөздердің жуан айтылу себебін түсіндіреді
   2-топ. Жіңішке дауысты дыбыстар. Осы дыбыстарды қатыстырып жіңішке айтылатын сездерге мысалдар келтіреді. Сөздердің жіңішке айтылу себебін түсіндіреді.
   3-топ. Қатаң дауыссыз дыбыстар. Бұл топ бірнеше сөз тауып жазып, олардың ішіндегі қатаң дауыссыз дыбыстарды атайды. Олардың қатаң деп айтылу себебін түсіндіреді.
   4-топ. Ұяң дауыссыз дыбыстар. Бұл топтағылар да мысалға келтірген сездердегі ұяң дыбыстарды атайды.
   5-топ. Үнді дауыссыз дыбыстар. Мысалға келтірген сөздердегі үнді дыбыстарды атайды.
   Мұғалім осы дыбыстардың ішінен и, й, у дыбыстарына жеке тоқталып, осы дыбыстардың ерекшеліктері бойынша 2-сыныпта еткендерін айтып, оқығандарын еске түсіреді. Топтарға төмендегі тапсырмалар беріледі.
   1-топқа   тапсырма. И және й әріптері бар сөздер.
Бағандарды салыстырып, айырмашылықтарын табу:
                   киін-кейін        қима-қайық
                   тиме-түйме    сиыр - сойыл
 биле-бейне       жина-жайна
   Оқушылар мынадай қорытынды жасауы тиіс. Й әрпі -дауыссыз, ол тек дауысты дыбыстан кейін жазылады. И, й дыбыстарының жуан не жіңішке айтылуы сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке айтылуына байланысты. И - буын құрайды, й - буын құрамайды. Егер оқушылар толық қорытынды жасай алмаса, мұғалім жетекші сұрақтар қояды. 
   2-топқа тапсырма. Й әрпі дауысты дыбыстан кейін жазылады дейді, дегенмен й әрпінен басталып жазылатын сөздер бар ма? Йод, йогурт, Йемен сөздерін мысалға келтіріп, олардың шет тілдерінен енгенін түсіндіріп кетуге болады.
   И мен й дыбысының ерекшелігін түсіну үшін келесі тапсырманы орындап, қорытынды шығарады.
               Жазылуы         Айтылуы
                Биыл                      быйыл
                Киім                    ...
                Оқиды                  ... 
                Жиын                   ...
   Оқушылардың қорытындысы: и дыбысының алдында ы мен і дыбысы айтылады, бірақ жазылмайды.
3-топқа тапсырма. Сый, тый сөздерінен қандай сөздер тарайды? Бұл сөздер қандай ережеге бағынбайды? Бірнеше сөз жазыңдар.
Сыйла             тыйылды 
сый                 тый
...                   ...
...                   ...
4-топқа тапсырма. Келесі сөздерді айтылуы бойынша жазыңдар.

Онлайн жүктеп алу:

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: