Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті
Мәтін және сөз мағынасы - Қазақ тілі, 6 сынып, 5 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мәтін және сөз мағынасы.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға мәтін туралы түсініктерін қайталата отырып, білімдерін әрі қарай тереңдету. Сөз мағынасы, оның түрлеру туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Жаттығулар орындату арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу. Тіл байлықтарын жетілдіруге байланысты жұмыстьар жүргізу.
Тәрбиелік: Тілді құрметтей білуге, адамгершілік құндылықтарға, ұлтжандылыққа, ізденімпаздыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: оқушылар мәтіндегі сөздің мағынасын толық меңгереді.
Сабақтың түрі. Жаңа тақырыпты меңгерту.
Әдісі: сұрақ-жауап, жаттығулар орындату.
Көрнекілік: оқулық, сөзжұмбақ, түсіндірме сөздік
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Қызығушылықты ояту: /Тақтаға сөзжұмбақ сызылады/
Мұғалімнің қысқаша түсінігі:
Сөздің ең басты белгілері: дыбысталуы және мағыналық жағы. Сөз атаулы белгілі бір мағынаны білдіреді, сөз белгілі бір сөз табына жатады /мысалы: адам, құс, құмырсқа –зат есімдер, екі, үш, төрт –сан есімдер, қызыл, ақ, көңілді –сын есімдер, кешке, кейде, лезде –үстеулер, жүр, оқы, тұр, жат –етістіктер, мен, сен, ол, өзі -есімдіктер т.б./
Жалпы сөз мағыналарының екі түрі бар, біз ол туралы 5 сыныпта танысқан болатынбыз. Біріншісі –сөздің тура мағынасы, екіншісі-сөздің ауыспалы мағынасы.
Мысалы: қараңғы – «жарық жоқ, көзге ештеңе көрінбейді» деген мағынасы –тура мағына,
«қараңғы» сөзінің белгісіз, неғайбыл, екіталай деген мағынасы (ақыры немен тынатындығы маған қараңғы) ауыспалы мағынада қолданылады.
Лексика –сөз және оның мағыналарын зерттесе, Семасиология-тілдегі сөздерге тән мағыналарын зерттейтін лексиканың саласы.
ІV. Оқулықпен жұмыс жасау:
10 жаттығу: Мәтінді оқи отырып,қарамен жазылған сөздерді сөздік дәптерге көшіріп, мағынасын түсіндірме сөздікке қарап анықтау. Жылқы малына және оның ер-тұрманына қатысты сөздерді атаңдар.
Төртбақ, қапсағай, үзеңгі, табын, асаулық сөздерінің мағынасын ашу.
11 жаттығу: Мәтінді рөлге болып оқу, шешендік сөздерге мән беріп, одан үлгі алыңдар. Сөздердің мағыналық топтарын саралап жазыңдар (синоним, омоним, антоним). Көне сөздерді теріп жазыңдар.
/оқушылар дәптерлеріне сызбамен жұмыс жасайды/
Көне сөздер: қылыш, дулыға, шоқпар, ру басы, ру ақсақалы.
V. Сергіту жаттығулары: «Адасқан әріптер» берілген өлең жолдарындағы бір сөздегі бір дыбыстың ауысып кетуі сөйлем мағынасына қандай әсер ете алады екен. Қай әріп қате, жылдам табамыз.
Адасқан әріптер
1. Күз түсті,
Тырмалар жылы жаққа ұшты. /тырналар/
2. Ешкі егіз бақ тапты, /лақ/
Балалар оны күтіп бақты.
3. Марат мектептен келіп жемалды. /демалды/
Мамасы берген тарақты /тамақты/
Тойғанынша жеп алды.
4. Қыздар сынып бөлмесін ақтады, малалар еден жуды. /балалар/
5. Мақаш мақтаға есеп шықарды. Бадиша партаны қабырғаға іліп, басты өзендерді көрсетті. /тақтаға, Қадиша, картаны/.
VІ. Сабақты бекіту сұрақтары:
Мысалы: жылы сөз жылы су
суық күн суық сөз, суық хабар
ауыр тас ауыр сөз, мінезі ауыр
малдың басы таудың басы, өзеннің басы, жұмыс басы
қисық ағаш қисық мінез
VІІ. Үйге: мына сөздердің ірқайсысының синонимін тауып, сөйлем құраңдар:
қашық, үлкен, қуану, сабырлы, жылдам, жігерлі.
14-жаттығу: Мәтіндегі синоним сөздерді топ-тобымен теріп жазыңдар.
15-жаттығу: Өлең шумақтарын көшіріп жазып, антоним сөздердің астын сызыңдар, қандай мағынаны білдіріп тұрғандығын түсіндіріңдер.
VІІІ. Бағалау

- Оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметін тыңдау.
- Оқу құралдарын ретке келтіру.
- Оқушыларды тәртіпке шақыра отырып, сабақтың мақсаты айтылады.
Қызығушылықты ояту: /Тақтаға сөзжұмбақ сызылады/
- Тіл білімінің саласы қалай аталады?
- Дыбыстардың жазудағы таңбасы не?
- Табыс септігінде тұратын тұрлаусыз мшені ата.
- Дауысты дыбыстардың тіл қатысына қарай бөлінуі.
- Салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстар қалай аталады?
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтіннің құрылымы?
- «Туған жер», «Тілімізді қастерлейік» тақырыптарында дайындап әкелген мәтіндерін оқиды, бағаланады.
Мұғалімнің қысқаша түсінігі:
Сөздің ең басты белгілері: дыбысталуы және мағыналық жағы. Сөз атаулы белгілі бір мағынаны білдіреді, сөз белгілі бір сөз табына жатады /мысалы: адам, құс, құмырсқа –зат есімдер, екі, үш, төрт –сан есімдер, қызыл, ақ, көңілді –сын есімдер, кешке, кейде, лезде –үстеулер, жүр, оқы, тұр, жат –етістіктер, мен, сен, ол, өзі -есімдіктер т.б./
Жалпы сөз мағыналарының екі түрі бар, біз ол туралы 5 сыныпта танысқан болатынбыз. Біріншісі –сөздің тура мағынасы, екіншісі-сөздің ауыспалы мағынасы.
Мысалы: қараңғы – «жарық жоқ, көзге ештеңе көрінбейді» деген мағынасы –тура мағына,
«қараңғы» сөзінің белгісіз, неғайбыл, екіталай деген мағынасы (ақыры немен тынатындығы маған қараңғы) ауыспалы мағынада қолданылады.
Лексика –сөз және оның мағыналарын зерттесе, Семасиология-тілдегі сөздерге тән мағыналарын зерттейтін лексиканың саласы.
ІV. Оқулықпен жұмыс жасау:
10 жаттығу: Мәтінді оқи отырып,қарамен жазылған сөздерді сөздік дәптерге көшіріп, мағынасын түсіндірме сөздікке қарап анықтау. Жылқы малына және оның ер-тұрманына қатысты сөздерді атаңдар.
Төртбақ, қапсағай, үзеңгі, табын, асаулық сөздерінің мағынасын ашу.
11 жаттығу: Мәтінді рөлге болып оқу, шешендік сөздерге мән беріп, одан үлгі алыңдар. Сөздердің мағыналық топтарын саралап жазыңдар (синоним, омоним, антоним). Көне сөздерді теріп жазыңдар.
/оқушылар дәптерлеріне сызбамен жұмыс жасайды/
Синоним сөздер | Омоним сөздер | Антоним сөздер |
Сұлу табиғат, батырлық, ерлік, ру басы, ру ақсақалы, көсем, шешен | Қазақ еді менің шешем, Тағдырымды өзім шешем. | Ұрыс – жеңіс, қанға бөкті- татулық, әйел заты- еркек, |
V. Сергіту жаттығулары: «Адасқан әріптер» берілген өлең жолдарындағы бір сөздегі бір дыбыстың ауысып кетуі сөйлем мағынасына қандай әсер ете алады екен. Қай әріп қате, жылдам табамыз.
Адасқан әріптер
1. Күз түсті,
Тырмалар жылы жаққа ұшты. /тырналар/
2. Ешкі егіз бақ тапты, /лақ/
Балалар оны күтіп бақты.
3. Марат мектептен келіп жемалды. /демалды/
Мамасы берген тарақты /тамақты/
Тойғанынша жеп алды.
4. Қыздар сынып бөлмесін ақтады, малалар еден жуды. /балалар/
5. Мақаш мақтаға есеп шықарды. Бадиша партаны қабырғаға іліп, басты өзендерді көрсетті. /тақтаға, Қадиша, картаны/.
VІ. Сабақты бекіту сұрақтары:
- Лексика, Семасилогия нені зенрттейді?
- Сөздің тура және ауыспалы мағыналарына мысал келтіріңдер.
Мысалы: жылы сөз жылы су
суық күн суық сөз, суық хабар
ауыр тас ауыр сөз, мінезі ауыр
малдың басы таудың басы, өзеннің басы, жұмыс басы
қисық ағаш қисық мінез
VІІ. Үйге: мына сөздердің ірқайсысының синонимін тауып, сөйлем құраңдар:
қашық, үлкен, қуану, сабырлы, жылдам, жігерлі.
14-жаттығу: Мәтіндегі синоним сөздерді топ-тобымен теріп жазыңдар.
15-жаттығу: Өлең шумақтарын көшіріп жазып, антоним сөздердің астын сызыңдар, қандай мағынаны білдіріп тұрғандығын түсіндіріңдер.
VІІІ. Бағалау
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар:
Басқа жаңалықтар: