Сабақ жоспарлары / Бастауыш сыныптар

4 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Математика

Математика пәнінең бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспарлары.
4 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Математика

№1. Тақырыбы: Сандардың нумерациясы.   
Мақсаты: үш таңбалы сандардың құрылу тәсілдерін қорытындылау; оларды салыстыру; алдыңғы, келесі түсініктерін пайдалана отырып, натурал сандар қатарындағы сандарды табу дағдыларын жетілдіру .
Түрі: жаңа сабақ  Әдісі:  сұрақ-жауап, талдау,есептеу, салыстыру. 
Көрнекілігі: суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.  Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. 
Балалар, бір – біріңе қарап   жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
           Мен бақытты баламын, 
Жан   дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын. 
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Мақсат қою кезеңі:  Оқулықпен танысу: 4 класс «Математика» оқулығын Ә.Б. Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Бурова – деген авторлар құрастырып жазған. ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған.  Алматы қаласынан «Алматыкітап» баспасынан 2011 жылы шыққан. 3. Кітапта шартты белгілер бар, сендердің кітаппен тез тіл табысып, әрі дұрыс пайдалануларыңа қолайлы болсын деп жасалған. 4.Осы жаңа кітап сендердің адал достарың, көмекшілерің. Сендерден кейін басқада жас өспірімдер бұл кітапты пайдаланады. «Білім еш уақытта ескірмейді» Сондықтан кітапты күтіп ұстау керектігін есіңнен шығарма.
ІІІ. Жаңа сабақ:  кіріспе. Көркем жазу сәтіне 1, 2, 3 цифрларының көмегімен үш таңбалы сандар жазу ұсынылады. (123, 132, 213, 231, 312, 321)
-Неше сан жаздыңдар? Ең кіші санды; ең үлкен санды; 1 ондығы бар санды; 1 бірлігі бар санды; 3 ондығы бар санды ата. 312 мен 321 сандарының арасындағы сандарды жаз.
1.      Оқулықпен жұмыс. № 1 ауызша есептеу. Жасырын сандарды ата.
Алдыңғы сан68999998408666
Сан 690100999409667
Кейінгі сан6911011000410668
2.      Сандар туралы білімдерін қайталауға арналған жұмыс. 
№ 2. Өздік жұмыс. Сандарды ата. Оларды кему ретімен жаз.

Разрядтар

жүздіктер

ондықтар

бірліктер

9

7

0

5

9

6

5

0

0

4

8

9

2

0

9


4

3


№ 3. Салыстыр.  Жұптық жұмыс. Есептемей – ақ салыстыру.
699 – 90 < 699 – 9                                808 – 8 > 808 – 80 
400 + 80 > 400 + 8                                              550 + 50 > 550 + 5
998 – 900 < 998 – 90                                          665 – 60 – 5 = 665 – 5 
№ 4. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте. (Үш қатардан 3 оқушы, жарысу).
900 см =    9 м895 см =  8м 9дм 5см                          10м  = 100дм
400см  =   4 м502 см =  5м 0дм 2см                           10м = 1000 см
300см  =   3 м                       660см  =  6м 6дм 0см                           2м 5дм 7см =257см


Шығармашылық тапсырма. № 9. 
Ү.Қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік?      Үйге тапсырма: № 8. 5 бетБағалау.

Онлайн жүктеп алу​​​
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: