Сабақ жоспарлары / Бастауыш сыныптар

1 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Математика

Математика  пәнінең бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспарлары. 
1 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Математика

1.Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау.(3 бет)

Сабақтың мақсаты: Математика оқулығымен таныстыру.Заттар туралы түсінік беру. Заттарды санауға үйрету. Ұқыптылққа бейімдеу.Ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі заттар, ойыншықтар,суреттер.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, көрсету.
Сабақтың мазмұны.
І Ұйымдастыру: түгендеу, зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:  1.Математика оқулығымен таныстыру. 2.Заттар туралы мағлұмат беру.
Заттарды санау: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
Кері санау: 10, 9, 8 ,7 ,6 ,5 ,4 ,3, 2, 1. Сурет бойынша әңгіме құрау.
Сандарды тиісті ретпен орналастыру.  2, 4 5, 6, 8, 7, 1, 9, 10
Ү.Сабақты қорытындалау:  Біз бүгінгі сабақта не істеп үйрендікНені санадық?
ҮІ. Бекіту.  ҮІІ. Үйге тапсырма  ҮІІІ. Бағалау

2. Сабақтың тақырыбы: Заттарды әр түрлі белгілері бойынша салыстыру.(4 бет)


Мақсаты: а)Заттарды әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру  арқылы, олардың түстерінің, пішіндерінің бірдей   немесе әртүрлі болатынын анықтай білуге   үйрету.  ә) заттарды салыстыру арқылы балалардың логикалық  ойлау қабілетін дамыту.
  Б) Балаларды ұқыптылыққа, реттілікке тәрбилеу
Көрнекілігі: Суреттер.
Әдісі: көрсету, салыстыру, түсіндіру.

Сабақтың  мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Оқушының назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйдегі кісілерді санау.
ІІІ. Өткенді қайталау, жаңғырту.
 Заттарды санату.Көрнекіліктер бойынша.Қанша?Неше?Нешінші? деген сұрақтарға жауап беру, мысалдар келтіру.
ІҮ. Жаңа сабақ. - Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы. Заттарды салыстыру.
Оқулықпен жұмыс: Заттарды әртүрлі белгілеріне салыстыру.суретте неше доп бар?
Суретте неше шаршы, неше шар бар?

Салыстыру
  • 1.     Сурет бойынша әңгіме құрастыр.Сана. Жасыл жолақтағы тапсырманы орындау
  • 2.     Сергіту сәті
Ү. Жаңа білімді бекіту.
Әртүрлі заттарды салыстыра отырып, ерешеліктерін анықтау.
Балапандарды санау,суреттер бойынша әртүрлі сұраққа жауап беру.
ҮІ. Сабақты қортындылау: Өтілген тақырып бойынша тапсырма беру..
ҮІІ.Үйге тапсырма. ҮІІІ. Бағалау.

Онлайн жүктеп алу:

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: