Сабақ жоспарлары / География

География пәнінен 9 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

География пәнінен 9 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары.
География пәнінен 9 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

Тақырыбы: Кіріспе
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы пәнімен танысқан тұлға
Сабақтың типі:Кіріспе сабағы
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.
2. Әңгіме-дәріс

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық картасы, оқулық, кескін карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І.   Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты өту
ІІІ. Қорытындылау.
IV. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І.  Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты өту.

Қазақстан Республикасы-Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 2724,9 мың км2, жалпы аумағы бүкіл жер шары көлемінің 2%-ын, Азияның 6,1%-ын құрайды. Жер көлемі жөнінен д.ж. 9 орында. Шекарасының жалпы ұзындығы-13331 км-ден астам. Батыс, солтүстік-батыс, және солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстанмен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шектеседі. Климаты шұғыл континентті. Қазақстан егемендік алғаннан кейін 120-дан астам елдермен экономикалық байланыстар орнатқан. Экономикалық-географиялық тұрғыдан Қазақстанның мынадай артықшылықтары бар:
            1. Тарихи-экономикалық дамыған елдермен шектеуі (Ресей, Қытай, Орталық Азия елдері).
            2. Транзиттік жол торабы үстінде орналасуы.
            3. Қазақстан аумағы жер бедерінің көп бөлігінде жазық болып келуі.
            4. Минералды ресурстар қорының молдығы. 

ІІІ. Қорытындылау.
IV. Үйге тапсырма беру.
            Үйге: Кіріспе.
Сабақ№________Сыныбы_________Күні_________
Тақырыбы:Халық саны.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан халық саны, орналасу факторлары, халық тығыздығы жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Қазақстан халық санымен  танысқан тұлға.
Сабақтың типі:Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.             4. Тірек-сөздермен жұмыс.
                              2. Әңгіме-дәріс.              5. Тірек-сызбамен жұмыс.
                              3. Б.Ү.Ү. кестесі.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І.  Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
 Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Тірек-сөздермен жұмыс.
3. Тірек-сызбамен жұмыс.
Қорытындылау
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І.  Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
            1. Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайына сипаттама?
            2. Қазақстан қандай елдермен шектеседі?
            3. «Экономикалық-географиялық жағдай» ұғымы?
            4. Ірі транзиттік жолдардың ел экономикасына қандай маңызы бар?
5. Географиялық жағдайдың ел экономикасының дамуына әсері?.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Тірек-сөздермен жұмыс.
Тірек-сөздер түсіндіріледі.
а) Туу-1000 адамға шаққандағы 1 жыл ішінде туған балалардың саны.
ә) Өлім-жітім-1000 адамға шаққандағы 1 жыл ішіндегі өлген адамдар саны.
б) Табиғи өсім-1000 адамға шаққандағы туған және өлген адамдар санының арақатынасы.
в) Механикалық қозғалыс-Халық санының басқа елден көшіп келушілер есебінен өсуі.
3. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы халықтың орналасу себептерін түсіндіру.


Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.

БілгенімҮйренгенімҮйренгім келеді




V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
            Үйге: Қазақстанның халық саны.

Онлайн жүктеп алу:

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: