Ұстаздарға

Ата - аналар жиналысының хаттамасы

Оқушылардың ІI тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу....
Ата - аналар жиналысының хаттамасы

Ата - аналар жиналысының хаттамасы
5 сынып
Хаттама № 2
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 24 орта мектебі мемлекеттік мекемесінде 5 «Ә» сынып оқушыларының ата - аналары арасында жиналыс болып өтті.
25. 12. 2020 ж.
Жалпы оқушы саны – 24
Қатысқаны – 13 ата - ана
Күн тәртібінде:
1. Оқушылардың ІI тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.
2. Балалардың жетістіктері туралы ата - аналарға хабарлау.
3. «Қауіпсіздік ережелері» туралы.
4. Мектеп психологы Тлебаева Дананың баяндамасы
5. Әр түрлі сұрақтар
Тыңдалды:
1 сұрақ бойынша сынып жетекші Жанар Амангельдиновна сөз сөйледі. Оқушылардың 2 - тоқсан бойынша қорытынды бағаларын мәлімдеп, «жақсы» деген бағадан «қанағаттандырарлық» бағаға түсіп кеткен оқушылардың сол пәндерге ынтасы мен қызуғышылығын мәлімдеді. Ата - аналар жиналысына шақырылған пән мұғалімдері Жунусова А. Е., Жумалдина Д. Б. оқушылар туралы айтты.
2 сұрақ бойынша сынып жетекші оқушылардың жетістіктері туралы айтты. «Ақ Бота» олимпиадасына қатысқаны туралы, 1 орынға ие болған оқушылар тізімі айтылды. КВН ойынында келесі турға жолдама алғаны туралы айтылды. Қазақ тілі және әдебиет, математика, физика, информатика пәндері апталығында белсенді қатысқан оқушылар туралы айтылды.
3 сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп қауіпсіздік ережелерімен ата - аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата - аналарға үгіт - насихат жұмыстар жүргізіп, қол қойғызды.
4 сұрақ бойынша мектеп психологы Тлебаева Дана суицид туралы баяндама оқыды.
Жиналыс қаулы етеді:
1. 3 тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын көтеру.
2. Қауіпсіздік ережелерін ата - аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.
3. Сынып оқушыларының оқу сапасының көтерілуін сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері, ата - аналар бірлесіп жұмыс жасау.
4. Оқушылардың тәртібіне және күнделіктеріне назар аудару.
5. Кабинетке тақырыптық стенд жасау.

№24 орта мектеп
Сынып жетекшісі: Шалабаева А. А.
Ата - аналар комитетінің төрайымы: Оспанова Роза Жалгасбековна
Хатшы: Кункенова Жанар Амангельдиновна
Ата - аналар жиналысының хаттамасы жүктеу
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: