Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Сілтеу, сұрау есімдігі - Қазақ тілі, 6 сынып

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Сілтеу, сұрау есімдігі.
Сілтеу, сұрау есімдігі - Қазақ тілі, 6 сынып

  1. Оқушылармен амандасу:
  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!
  • Отырыңдар. 
  1. Кезекшімен сөйлесу:
  • Сыныпта кім кезекші?
  • Бүгін сыныпта кім жоқ?
  • Оқушылар сабаққа дайын ба?
  • Үйге қандай тапсырма берілді?
Үйге: 194-195 – жаттығуларын орындау. Есімдік туралы түсінікті қайталап оқу.
1. Мәтінді оқып, жіктеу есімдіктерін табу. Олардың қай септікте тұрғанын көрсетіп, оның жақ арқылы қай қосымшамен байланысқанын айту.
         Шежіреміздің біздің тарихымыздағы орнын жақсы білсекші. Осы нақылдың дұрысы, меніңше «Жердің нәрі - өмірдің әрі болуы керек».
  • Сіз қалай ойлайсыз?
  • Мүмкін.
  • Менің талай ақын достарым бар. Олардың көбінің маған ақындық жақындығынан гөрі, азаматтық ағайындығы бағалырақ.
  Сырбай төргі бөлмеге бас сұға:
  • Әй, мен саған өлеңмен жауап берем, - деді.
  • Айтып жібер!
  • Біздің де жазымыз бар, күзіміз бар.
Біздің де жарқыраған жүзіміз бар.
            Қарағым жаңа бір жол таба қалсаң,
            Онда да басып кеткен ізіміз бар. (М. Әлімбаев).
2. Қайталау сұрақтары: 
  1. Есімдік  дегеніміз не? Мысал келтір.
  2. Қандай мағыналық түрлері бар?
  3. Жіктеу есімдігі дегеніміз не екен?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Сілтеу, сұрау есімдігі
Сабақтың мақсаты: Сілтеу, сұрау есімдіктерін меңгерту.
Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:
Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, осынау, сол, сонау, ана, анау, мына, мынау,
әні, міне деген сөздер жатады. 
       Сілтеу есімдіктері нұсқау, көрсету, мезгеу мағыналарында жұмсалады да, қай? қайсы? деген сұрақтарға жауап беріп, сөйлемде, әдетте, анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Қонақтарды мына үйге енгізіңдер. Анау үйге тамақ әзірлеу керек.
       Сілтеу есімдіктері, әдетте, сын есімдердің орнына жұмсалады. Кейде кейбіреулері зат есімдердің орнына да қолданылады. Ондай жағдайда бәріне де бірдей болғанымен, сілтеу есімдіктеріне көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғанады. 
Мысалы: бұлар, солар, олар, мыналар, аналар, мұнысы, онысы, мұным, соның, осыдан, бұдан.
Анау, мынау, осынау есімдіктеріне тікелей көптік, септік жалғаулары жалғанбайды.
196-жаттығу.  Мәтіннен жіктеу, сілтеу есімдіктерін табыңдар.
Сілтеу есімдігін тәуелдеу.
Жекеше:                                                
І жақ      бұным                                      
ІІ жақ        бұның
               бұныңыз
ІІІ жақ      бұнысы
Көпше:
І жақ      бұнымыз                                  
ІІ жақ        бұлары
               бұларыңыз
ІІІ жақ      бұлары
Сілтеу есімдігін септеу.
Септіксол  сөзі 
Атаусол
Іліксоның
Барыссоған
Табыссоны
Жатыссонда
Шығысодан
Көмектессонымен
Сұрау есімдігі
         Сұрау есімдіктеріне мынадай сөздер жатады: кім? не? неше? нешеу? қай? қайсысы? қалай? қандай? қайда? қайдан? қалай? қашаннан? қайдағы? қашанғы?
Сұрау есімдіктері сұрау мағынасын білдіреді және өздеріне тиісті жауап береді.
Мысалы: Бұл кім? Ол не айтшы? Сіз қашан келдіңіз? Олар қайда кетті? Сыныпта неше оқушы бар?
Сұрау есімдіктерінің ішінен кім? не? қайсы? неше? (нешеу?) деген есімдіктер көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданыла береді. Осы себептен сұрау есімдігі қандай тұлғада тұрса да, оған жауап беретін сөз де сол тұлғада қолданылады. Мысалы: Нағиманың әкесі алпыста екен деген сөйлемдегі Нағиманың деген сөз де, оған қойылатын кімнің? деген сұрақ та ілік септікте, нешеде? деген сұрақ та,  оған жауап беретін алпыста сөзі де жатыс септікте қолданылып тұр.
Кім есімдігінің жіктелуі.
Жекеше:                                                
І жақ     мен кіммін?                              
ІІ жақ      сен кімсің?
                сіз кімсіз? 
ІІІ жақ      ол кім?
Көпше:
І жақ     біз кімбіз?                                 
ІІ жақ       сендер кімсіңдер?
               сіздер кімсіздер? 
ІІІ жақ      олар кімдер?
Жазба жұмысы: Қайсы? нешеу? есімдіктерін тәуелдіктің үш жағына қойып тәуелдеу.
Сұрақ –жауап: -Біз бүгін сабақта нені білдік?
Үйге: 95 бет, 197 –жаттығу. жаттығуларды орындау. Ереже қайталау.
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау. 
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: