Бастауыш сыныптар

Жаратылыстану сабағында зерттеу жүргізудің ерекшеліктері

Білім беру жүйесі – сақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы...
Жаратылыстану сабағында зерттеу жүргізудің ерекшеліктері

Жаратылыстану сабағында зерттеу жүргізудің ерекшеліктері
Білім беру жүйесі – сақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру кіші мектеп жасындағы оқушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем жайлы ой - өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына көмектеседі.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған:
– гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперимент арқылы алынған нәтижелер негізінде қорытынды жасау;
– мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс құру, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмысының нәтижесін бағалау және сипаттау, пайымдау, қорытынды шығару;
– БАҚ хабарламалары мазмұнындағы, Интернет ресурстарындағы, ғылыми - көпшілік әдебиеттердегі ғылыми ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;
– жанды және жансыз табиғаттағы үдерістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара байланысын, адам әрекетінің қоршаған тигізетін әсерін анықтауға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;
– өзіндік қарапайым зерттеулердің қорытындыларын түрлі формада ұсыну;
– жаратылыстану ғылымы саласындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.
Білім сапасы, жас жеткіншектердің ғылымға ден қойғаны ең бірінші ұстаздардың біліктілігіне тікелей байланысты. Қазіргі заманғы ғылымның көптеген бағыттары бар. Өмірін ғылымға арнаған ғалымдар теориялық та, практикалық та тұрғыда зерттеулер жасай алады. Олар барлық қолда бар құжаттарды зерттейді немесе әртүрлі тәжірибелік бақылаулар жүргізеді. Жаңартылған бағдарламаның ерекшелігі 1 сыныптан бастап жаратылыстану пәнінің енгізілуі. Жаратылыстану бағытында білім беру кіші мектеп жасындағыларда табиғи білімқұмарлықтың дамуына, әлем жайлы ой - өрістің кеңеюіне, ғылыми ұғынудың және қоршаған әлемді тұтастай қабылдаудың дамуына, қоршаған әлемді қорғау және бағалай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі. Бастауыш мектепте оқушыларға «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру келесілерді түсінуге мүмкіндік береді:
– қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын;
– табиғи құбылыстар мен үрдістердің өзара байланысын;
– өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үрдістердің себептерін;
– жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс - әрекет түрлері үшін маңыздылығын түсінеді.
Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани - адам­гершілік құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп - салдарлы байланыстар орнату. Оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегінде білімдердің, біліктердің, оқып - үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «бағалайды», «синтездейді».
«Жаратылыстану» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының жақын аймағынан, яғни оның өз іс - әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты - жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.
Осы пәнді оқу арқылы оқушылар зерттеушілер дегеніміздің белгілі бір ғылым саласын зерттейтін мамандар екенін түсінеді. Зерттеушілер қоршаған әлемнің үдерістері мен құбылыстарын, олардың табиғатын жақсы түсіну үшін зерттеу жүргізеді.
Жалпы айтқанда Жаратылыстану пәні арқылы оқушылар мынандай нәрселерді үйренеді;
– қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізуге;
– өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үрдістердің себептерін анықтауға;
– заманауи технологияларды сауатты пайдалануға;
– өзіндік қарапайым зерттеулерден қорытындыларын жасауға үйренеді.
Қазіргі жаратылыстануда қолданылатын зерттеудің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқушылар тақырыптарды зерттеу үшін ресурстарды пайдаланып, өз қорытындыларын жасайды. Бұл анағұрлым терең білім алып, пәнді түсіну үшін қажетті айтарлықтай жоғары деңгейлі дағдыларды қалыптастырып дамытуға көмектеседі. Әдетте зерттеуге негізделген оқу бастауыш сыныптарда оқытылатын «жаратылыстану» пәнімен байланыстырылғанымен, ол кез - келген пән үшін негіз бола алады.
Жаратылыстану пәнінің ерекшелігі – оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми - зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешу жөніндегі нәтижелерге қол жеткізу үшін бағытталған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімше ішінде дәйектілікпен ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылар жетістігін бағалауға бағытталған.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жаратылыстану оқу бағдарламасы 2017 жыл
2. Жаратылыстану оқулығы 2017 жыл
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық 2017 жыл
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: