Ұстаздарға

Мұғалімнің кәсіби дамуы - тынымсыз ізденіс

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім бола алады....
Мұғалімнің кәсіби дамуы - тынымсыз ізденіс

Мұғалімнің кәсіби дамуы - тынымсыз ізденіс

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім бола алады. Расымен де, өмірдегі сан түрлі мамандық бар, адам баласы өзі таңдап алған кәсібінің майталманы болуы керек, ал сол кәсібінің майталманы болу үшін не керек? Әрине, еңбек керек, ізденіс керек, өзін - өзі жан - жақты адам ретінде, тұлға ретінде үздіксіз дамыту керек.
Мектептің жаны, мектептің жүрегі – мұғалім деп айтып та, естіп те жатамыз. Ахмет Байтұрсыновтың «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен көбірек білімді тұлғалар шығады. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген сөзінде қаншама ой, қаншама түйін жатыр. Расымен де, өмірдегі сан түрлі мамандықтардың ішінде білімділікті, кәсібилікті, тәрбиелілік пен шеберлікті аса қажет ететін мамандықтың бірден - бірі – мұғалім мамандығы. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі кезек күттірмейтін, егеменді еліміздің болашағын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу педагогтың еншісінде. Олай болса, қоғам педагогқа үлкен үміт артып, ел тағдырын сеніп тапсырып отыр және одан жоғары жауапкершілікті талап етеді. Осындай күрделі мәселенің шешімін табу жолында педагогика ғылымының көптеген ғалымдары талмай ізденіп, зерттеулер жүргізіп, өз кезегінде білім беру саласына жаңалықтар мен өзгерістер енгізуде. Ал педагогтар болса, өз педагогикалық іс - әрекетінде сол жаңалықтарды, инновациялық технологияларды, әдіс – тәсілдерді жете ұғынып, тәжірибеде ұтымды қолдана білулері керек.
Мұғалімнің өзіндік дамуыңда ол "Неліктен осындай жағдай орын алды? немесе алмады?", "Кемшіліктерімді қалай жетістікке айналдырамын?", "Келешекте іс - тәжірибемді қалай жақсартамын?" деген сұрақтарды үнемі қоя отырып, кәсіби рефлексия жүргізе білуі керек. Рефлексия деңгейінен тез арада шығып біз дами бастайтынымыз сөзсіз. Біз өз кәсіптік деңгейіміз туралы ойлануымыз керек, себебі жаңа уақыт жаңа талап қойып отыр. Бұрыңғы "дәстүрлі" сабақ өз күшін жоюда, оқушылар өздеріне керекті мәліметтерді, информацияларды интернет жүйесінен алу дәрежесіне жетті. Бәрі де ойлай алады, бәрі ойдан басталады. Қазіргі жаңа формация педагогінің - "рефлексивті практик" деп атауға болады деп есептеймін, яғни ондай педагог - өзінің оқыту және оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру әдістерін мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог. Жаңа технологиялардың әдіс - тәсілдерін сабақтарымызда қолдана отырып, олардың тиімділігін айқындап, біз оларды меңгереміз және жаңа технологияларды меңгеру біздің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсер тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруымызға көмектеседі. Әрбір сабақта әртүрлі жаңа технологияларды, әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, біз өз - өзімізді дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға үйренеміз. Әрине, жұмысымызда қиыншылдықтар да кездеседі, дегенмен оларды өту барысында біз тәжірибе жинақтаймыз, жаттығамыз, мақсатқа жетуге ұмтыламыз. Алдымызға қойған мақсатқа жетуде оқу - тәрбие жұмысындағы әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ақыл - ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан олардың дара ерекшеліктерін біліп, санасып отыруымыз керек. Бұл - әрбір ұстаздың парызы.
Мұғалім өзіндік дамуына кәсіби рефлексия жасай отыра, жаңа әдіс - тәсілдерді жетік меңгеруге қалыптасады, сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Өз жұмысымызда рефлексия жасап, заман талабына сай дағдыланамыз, үйренеміз, біз өз әрекетіміз арқылы ғана дамимыз. Мұғалімдер өздеріміздің біліміміз бен кәсіби дайындықтарымызға сәйкес, өздеріміздің жұмысымыз туралы толғаныста болуымыз керек. Рефлексивті ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыруымыз керек. Осылайша оқытуға ерекше ықпал етіледі.
Кәсібилік – ұстаздың психолого - педагогикалық, ғылыми - пәндік білім - біліктің мәдени - адамгершілік ұстанымдарымен үйлесудің жоғары деңгейі. Кәсіби құзыреттілік – өз бетінше және жауапты әрекет жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, жалпы және арнайы эрудицияның болуы, ғылыми - кәсіби дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс - әрекетте міндеттерді шешу үшін еңбек субъектісінің кәсіби дайындығы және қабілеті. Ал мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі білім беру нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, өз кезегінде, тіпті қоғам жағдайының сапалы өзгеруіне әсер етеді. Міне, сондықтан да, қазіргі педагог білім беру үрдісін ұйымдастырудың көпқырлылығы туралы білуі шарт. Яғни, педагог өз қызметіне қатысты инновацияларды, технологияларды, өзгерістерді жақсы меңгерген болуы қажет. Сонымен қатар, қазіргі кезде мұғалімге деген дәстүрлі көзқарастар өзгерді. Кез келген педагог кәсіби және тұлғалық өсудің бірден бір жолы – кәсіби өзін – өзі жетілдіру екенін түсінгені дұрыс. Ұстаздың жеке тұлғалық қасиеттері педагогикалық іс - әрекеттің ішкі мазмұнын құрап, шебер - ұстаз болып қалыптасуға аса қажет. Қазіргі таңдағы көптеген педагогтар өзінің кәсіби жетілуіне көп мән бермейді. Оны әртүрлі жағдайлармен байланыстырып жатады. Дегенмен, жоғарыда айтып кеткен қоғамымыздағы шешімін күтіп тұрған мәселелер ешқандай сын көтермейді.
Ойымды қорыта келе мұғалімнің кәсіби дамуында кері байланыс, кәсіби рефлексия - манызды екендігі сөзсіз. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру саласында мектеп жұмысының дамуының ең басты фактор болып отыр. Әр мұғалім өз іс - әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс - тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдаланып, кәсіби дамып отыруы керек.

Кыдырбаева Кумискуль Турапбековна Директордың ғылыми әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық) Жамбыл облысы Меркі ауданы
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: