Оқушыларға

Көкөністер туралы тақпақтар

Асханадан шықпаймын, Атым – пияз бұқпаймын. Көзден жасты шығарып, Тұмаудан бірақ сақтаймын....
Көкөністер туралы тақпақтар

Тақпақтар: Көкөністер
Асханадан шықпаймын,
Атым – пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды,
Қоянға да азықпыз –
Сәбіздеріміз жазықсыз.

Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға – нәр.
Зияным жоқ, біліп қой –
Қызылшамын, пайдам бар.

Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып.

Көктеп ерте шырмалып,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым – қияр, теріп ал,
Жиі - жиі суғарып.

Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат - қабат киініп,
Қырыққабат атандым.

Картоп – біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған –
Ағайынбыз бәріміз.

Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған –
Балдай тәтті қауынмын.

Көрсең егер бақшада
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма!
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: