Бастауыш сыныптар

Менің берік отбасым

Әңгімелесу. «Ертегіні еске түсірейік» (тақтаға «Шалқан» ертегісінің суреті ілінеді) - Ертегідегі кейіпкерлерді атайықшы? Ата, әже, қыз....
Менің берік отбасым

Әңгімелесу. «Ертегіні еске түсірейік» (тақтаға «Шалқан» ертегісінің суреті ілінеді)
- Ертегідегі кейіпкерлерді атайықшы? Ата, әже, қыз.
- Олар қайда тұрады? – Үйде.
- Шалқанды кім отырғызды? Ол қандай боп өседі? Ертегі қалай аталады?
- Үлкен шалқанды қалай жұлды? «Кім кімге көмектесті?
Ата, әже және немерені бір сөзбен қалай атайды?
- (Отбасы) семьяfamily
Бір - бірін жақсы көріп, сыйлап, өзара көмектесетін адамдардың отбасын тату отбасы деп атайды.
- Балалар, бүгін біз «Менің отбасым» тақырыбында әңгімелесіп, танысатын боламыз.
«Ойлан, тап» тапсырмасын орындау
(Тақтаға отбасы мүшелерінің жеке суреттері ілінеді, сұрақтар қоя отырып, балалар жауаптарына қарай суреттерді ажыратып, ретімен тақтаға іліп шығады)
- Балалар, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып табыңдар.
- Қатал көрінгенмен өте мейірімді. Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі. Ол әжеге көмектеседі, дүкенге және базарға барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады. 
- Кім бұл? (ата) 
- Ал сендердің аталарың қандай? (балалардың жауаптары). 
 - Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. 
- Бұл кім? (әже) 
- Оны қалай білдіңдер? 
- Ал сендердің әжелерің не істей алады? (балалардың жауаптары, тәрбиеші толық жауап беруін талап етеді ) 
 - Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді, сендерді циркке апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады. 
- Бұл кім? (әке) 
- Дұрыс. Ал әке не істей алады? (ағаш жарады, футбол ойнайды, т. б.). 
 - Ал сендердің әкелерің қандай? Толықтыру: (күшті, батыл, мықты,...) 
- Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды. Ол сен үшін ең қымбат адам? 
- Бұл жұмбақ кім туралы? (ана туралы) 
- Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар? (Анашым, анатайым). 
 - Аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балалардың жауаптары) 
- Сенің өзіңнен үлкен, сабағыңды орындауға көмек беретін, сені серуенге бірге алып шығатын ер бала немесе қыз баланы кім деп атаймыз?
- Аға, апке.
- Сенің аға, апкең бар ма? (балалардың жауабы)
- Саған апкешім, ұлдарға ағатайым деп еркелейтін, балабақшаға баратын өзіңнен кішкентай ұл бала немесе қыз баланы кім деп атаймыз?
- Іні, қарындас.
- Сен оларға қандай қамқор көрсетесің? (балалардың жауабы)
- Балалар, бұл суреттердегі адамдарды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Отбасы.
Әр адамның өз отбасы болады. Отбасы бірнеше адамнан тұрады: ата, апа, әке, шеше, аға, іні, қарындас, апке. т. б.
Олар кез келген істі бірігіп атқарады, бір – біріне көмектеседі. Отбасында біз үлкендерді сыйлауға, кішілерге көмек көрсетуге, қамқор болуға үйренеміз.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: