Сабақ жоспарлары / География

География пәнінен 8 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

География пәнінен 8 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары.
География пәнінен 8 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

Күні: 
Тақырыбы:  Тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Павлодар облысының географиялық орны мен шекаралары. 
Мақсаттары:  
Білімділік: Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндау. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады?  Географиялық білім көздеріне сипаттама беру. Қазақстанның және Павлодар облысының шекараларын, аумағын, географиялық координаталарын, географиялық орнының ерекшелігін анықтау. 
Дамытушылық:  Дүние жүзінің саяси картасынан Қазақстанның қандай мемлекеттермен шектесетінін анықтау және Қазақстанның және Павлодар облысының географиялық орнын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету. Қазақстанның және дүние жүзіндегі кез-келген қаласының белдеулік және жергілікті уақытын тауып, олардың айырмасын анықтауға дағдылану.
Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту. 
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, репродуктивті 
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстанның саяси картасы. 
Сабақтың барысы:

Сабақ   кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. 
3.Жаңа тақырып кезеңі (20 мин)7-сынып материалын еске алу. «Физикалық география» ұғымын анықтау. Қазақстанның физикалық географиясы курсымен таныстыру. 
1. Қазақстанның тәуелсіздігін анықтайтын негізгі даталармен таныстыру. 
2. Қазақстанмен шектесетін елдерді дүние жүзінің саяси картасына қарап анықтау.
3.  География курсының негізгі құрылымымен таныстыру.
4. Физикалық география пәнінің және Қазақстанның физикалық географиясының мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
5. Оқулықтың құрылымымен таныстыру.
6. Қазақстанның және Павлодар облысының географиялық орнын карта бойынша сипаттау. 
7-сынып курсын еске түсіреді. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту (10 мин)Кескін картаға Қазақстанның Еуразиядағы орнын салу. Көршілес мемлекеттерін көрсету. Оларды атау.Картамен және кескін картамен жұмыс жасау, түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрау.
5. Сабақты қорытындылау кезеңі (10 мин)Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында төмендегі сұрақтарды қою:
·        Еліміздің егемендігін қандай белгілері көрсетеді?
·        Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады?
·        Қазақстанның және Павлодар облысының географиялық орнының ерекшелігі неде?
·        ТМД қай жылдары құрылды?
·        Қай жылы Астана Алматыдан көшірілді.
·        Неше ұлт өкілдері мекен етеді?
·        Экспорт және импорт дегеніміз не?
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
6. Бағалау кезеңі 
(2 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі (2 мин)§ 1-2 оқу, мазмұндау.Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.




Күні: 
Тақырыбы:  І- бөлім. Қазақстанның физико- географиялық сипаттамасы. Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы. Сағаттық белдеулер. 
Мақсаттары:  
Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы, уақыт айырмасы, сағаттық белдеулерге тоқталып, көршілес жатқан мемлекеттерді тану туралы білім беру.
Дамытушылық:  Балаларды оқулықпен, картамен, кескін картамен жұмыс істеуге дағдыландыру.  
Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту. 
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, сұрақ- жауап.
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстанның әкімшілік-территориялық картасы
Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі
(1 мин)
Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. 
2. Үй жұмысын тексеру кезеңі (15 мин)Үй жұмысын тексеру мақсатында төмендегі сұрақатрды қою
v ҚР қай жылы өз тәуелсіздігін алды?
v Егемендік туралы Деклорация қай жылы қабылданды?
v Қай жылы Қазақстан ТМД құрамына кірді?
v БҰҰ-ға қай жылы мүше болды?
v Ата Заң қай жылы шықты?
v Заң шығарушы қызметін кімдер атқарады?
v Неше обл, қала, аудан, кенттер бар?
v Қанша ұлт өкілдері тұрады?
v Алматыдан Астанаға қай жылы көшірілді?
v Неше елмен сыртқы сауда байланыстары бар? Оның ішінде экспорт пен импорт көлемдерін атап шық?
v Қазақстанның физикалық географиясы ені оқытады?
v Павлодар облысының географиялық орны мен орналасу ерекшелігі неде?
Мұғалімнің қойған сұрақтарын мұқият тыңдап, жауап беру.
3.Жаңа тақырып кезеңі (20 мин)ҚР жер көлемі, оның алатын орны, д.ж. саяси картасында алатын орны мен орналасуындағы ерекшелігі туралы айту. Халық тығыздығы дегеніміз не? Қазақстанның халық тығыздығы 1км2 5,4 адамнан келеді. 
Қазақстан қандай мемлекеттерімен шектеседі?
Ресей- 6467 км; ҚХР- 1460 км; Түркменстан- 380 км; Өзбекстан- 2300км; Қырғызстан- 980 км.
Д.ж. сағаттық белдеулер туралы айтып. Қазақстанда кездесетін сағаттық белдеулерді, олардың түрлерімен таныстыру. 

Сағаттық уақыт белдеулері



   белдеулік                 декреттік          жергілікті                     жазғы уақыт
1930 жылы 16 маусымда КСРО үкіметінің декретімен қабылданған уақыт. 
Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды.  Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту 
(10 мин)
Кескін картаға д.ж. сағаттық уақыттын және оның айырмашылықтарын салу.Карталармен жұмыс жасайды.
5. Сабақты қорытындылау кезеңі (10 мин)Қорытындылай келе төмендегі сұрақтарды қою: 
1.     ҚР аумағының көлемі?
2.     Картадан шектесетін мемлекеттерді көрсетіп, оларды ата?
3.     Халық тығызыды дегеніміз не? Оны қалай анықтауға болады?
4.     Сағаттық уақыт дегеніміз не?
5.     Жер шарында неше сағаттық уақыт белдеулері бөлінген?
6.     Қазақстан қандай уақыт белдеуінде жатыр?
7.     Декреттік уақыт дегеніміз не?
8.     Жазғы уақыт дегеніміз не?
9.     Жергілікті уақыт дегеніміз не?
10. Белдуелік уақыт дегеніміз не?
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
6. Бағалау кезеңі 
(2 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі 
(2 мин)
§ 3-4 оқу, кескін картаға ҚР шекарасын, шектесетін мемлекеттерді, облыс орталықтарын бөліп, көрсету.Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.




Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: