Әдістемелік көмек / Қазақ тілі мен әдебиеті

Әдебиет пәнінен 8 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

Сабақтың  тақырыбы: Оқулықтың  мәні, мазмұны.
Әдебиет пәнінен 8 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

Сабақтың  мақсаты: 
  1. Оқулықтың  мәнін, мазмұнын, ежелгі  дәуір әдебиетінің үлгілерін  тануға   көмектесу.
  2.  Талдап, жинақтап ойлауын, пайымын  дамыту,   шығармашылыққа  баулу.
  3. Ана тіліне деген  сүйіспеншілік сезімін ояту.
Сабақтың  типі:  Кіріспе, жаңа  білім беру сабағы.
Сабақтың  түрі:   Дәріс сабағы
Сабақтың барысы:  1.Ұйымдастыру   кезеңі 
                                           Оқушыларды сабақ процесіне дайындау
1.2.Топтастыру  (5 топқа бөлу)
2.1.Оқулықтың   сытындағы суретке қандай ой келді?   Ойларын жазу. Суреттің оқулық   мазмұнымен байланысы бар ма? ( 2 минут)
2.2.Ойларын ортаға   салу.
2.3.
- Сөз құдіреті дегеніміз не?
- Кімнің жазғына әсерлі болды? Неліктен?
- Былтырғы  жылы оқыған  қандай  шығарма   естеріңізде қалды?
Сөзді ерекше толғандырған   шығарманы, авторын  ата. ( Сыныпта, сыныптан тыс оқыған )
2.4.Шығарманы   оқығаннан  кейін  қандай сезімде болдың?
- Сізге  әсер еткен ненің құдіреті?
- Сөз   өнерінің  құдіреті?
3.  3,4-бетті оқу.
4.1. « Сақ » сөзі қазақ тілінде күні  бүгінге дейін сақталған.
Мысалы:  сақа ( асық ), сақпан ( сақшы ), қып - сақ ( қыпшақ ) т.б.
Сақтардың  26 әріптен тұратын  жазуы  болған. Сақтар  көне   түркі  тілінде сөйлеген.
4.2.  « Алып - Ер -Тұңға » ( б.з.д YII – б.з YIII ғ.) Алып - Ер –Тұңға - өте ерте заманда өмір сүрген  көне түркіердің көсемі.
4.3. Орхон ескерткіштері.
1.Түрік  қағанаты мемелекеті құрылады. (Y – YIII ғасырда ) Түркілердің  түпкі   Отаны  -  қазіргі қазақ жері.
2.Мемелекетте билік еткен Елтеріс хан туралы.
3. Елтеріс  хан балалары  Білге мен  Елтеріс   хан туралы.
4.Орхон ескерткіштері.
5. Орхон   ескерткіштерінің  тақырыбы  мен идеясы.
4.4. « Қорқыт ата » туралы
4.5. « Оғыз   қаған  жыры » оқу, мазмұндау.
5. « Алып - Ер –Тұңғаны   жоқтау » жырын талдау.
      1. Түсініп оқу
      2. Сөздік жұмысы
      Запыран ас қортылмағанда  бөлінетін  ащы сұйықтық.
  1. Халықтың  қиналысын  танытатын  сөздер.
  2. Ер Тұғына халық  қалай  бағалайды? ( Ер Тұңға деген халық  сүйіспеншілігінен  қалай көрініс тапқан ?)
  3. Халық  басындағы  қиыншылықты  танытатын  сөздер.
  4. Қорытындылау:        Қазақтың  дәстүрлі  жоқтауымен  ұқсастықтары 
бар ма?
  1. Үйге:  1.Үзінді  жаттау 2.  Мазмұнын   меңгеру, жоспар құру.

Онлайн жүктеп алу:

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: