Қазақ тілі мен әдебиеті

Ұлттық теңге туралы мәлімет

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру. Дамытушылық: Сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту...
Ұлттық теңге туралы мәлімет

Тақырып: «Ұлттық теңге туралы мәлімет»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру.
Дамытушылық: Сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту.
Тәрбиелік:. Туған жеріне, Отанына сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру,
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ – жауап, баяндау, жаттығу жұмысы
Сабақтың көрнекілігі: кесте, компьютер арқылы презентация
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу, сабаққа бейімдеу
2. Сабаққа психологиялық дайындық
3. Кезекшімен сұхбат
- Бүгін сыныпта кім жоқ?
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Бүгін ауа райы қандай?
ІІ Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Сабаққа кіріспе
Бүгін біз жаңа модульді баспап, еліміздің ұлттық валютасы туралы сөйлесеміз.
ІV. Сабақтың мақсатын, барысын айту
1. Жаңа сөздермен жұмыс.
Айрықша белгісі – отличительный знак
Құрал – средство
Қазына – богатство
Құпия қорғанысы – секретная защита
Шеберхана – мастерская
Төлем құралы – средство оплаты
Асыл қазына – драгоценная сокровищница
Халық байлығы – богатство народа
Шеттері – края
Безендірілген – украшены
1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудуру.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру
• мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
• оқушылар сөздерді мәнерлеп оқиды;
• оқушылар сөздерді мұғалімнен кейін дауыстап оқиды;
• тізбектеп оқиды.
3. Сөйлемдер құрау.
4. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу
2. Мәтінмен жұмыс.
Ұлттық валюта – теңге
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
Ұлттық валютамыз 1993 жылы 15 қараша күні енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою - өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Теңгенің 16 - ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сұлейменов болды.
«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.
IV. Бекіту
1. Жаңа сөздер бар сөйлемдерді оқып аудару.
2. Сұрақтарға жауап беру
1. Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?
2. Теңгеде кім бейнеленген?
3. Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі қандай?
4. Ерте заманда теңгелерді қайда жасаған?
5. Теңгенің неше құпия қорғанысы бар?
6. Теңге немен безендірілген?
7. Теңгеде қандай суреттер салынған?
8. Қазақ теңгесі қайда басылды?
3. Карточка бойынша жұмыс.

Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығының анықтаңдар: дұрыс бұрыс
1 Қазақстан валютасы басқа елден әкелінеді.
2 Ақша – халық байлығы.
3 Теңгеде 6 - ға жуық құпия белгі бар.
4 Ұлттық валютамыз 1993 жылы 15 қараша күні енгізілді.
5 Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Шәкен Ниязбеков.
6 Тиыннан теңге құралады.
7 Ұлттық валютамыз 1991 жылы 16 желтоқсанда айналымға енді.

VІ. Сабақты қорытындылау. Баға қою.
VІІ. Үйге тапсырма: сұрақтардың жауабын білу.

​15 қараша ұлттық валюта теңге күніне арналған слайдты жүктеу​​​
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: