Оқушыларға

Ұлы Дала ұрпағымыз

Еуразияның жүрегі Ұлы дала елі – Қазақстан. Қазақстан ұшқан құстың қанаты талмайтындай ұлан - ғайыр аумақтың иесі. Еліміз сонау заманнан бері Ұлы дала елі деп аталады. Сол елдің жастары, мына біз Ұлы дала ұрпағымыз....
Ұлы Дала ұрпағымыз

Еуразияның жүрегі Ұлы дала елі – Қазақстан. Қазақстан ұшқан құстың қанаты талмайтындай ұлан - ғайыр аумақтың иесі. Еліміз сонау заманнан бері Ұлы дала елі деп аталады. Сол елдің жастары, мына біз Ұлы дала ұрпағымыз.
Ұлы Дала ұрпағы... Ұлан - ғайыр жеріміз, тәуелсіз еліміз болмаса, біз осылай отырар ма едік? Әрине жоқ. Ұлы дала ұрпағы атануымыз осындай кең байтақ жердің иесі болуымыз ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабаларымыздың, Бауыржандай ержүректі атамыздың, Қайрат пен Ләззаттай қайсар аға - апаларымыздың арқасы. Егер сол жандар «Елім, жерім» деп білек сыбанып, қан майданға аттанбағанда қандай ел болар едік. Мүмкін Татарстан, Башқұртстан сияқты алып державаға айналған Ресейге қарап, бодан ел болар ма едік? Ойлаудың өзі қорқынышты.
Иә, біз егеменді, тәуелсіз елміз. Осындай ғажап елдің азаматы болғанымызға қуаныштымыз. Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Қазақ елін мақтанарлық жер көріп, сыйлы елдер қатарына қосып отыр. Дамыған елдер қатарына қосылуымыз Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында. Ал Тәуелсіздік бізге ата - бабаларымыздың рухты күш - жігерінің арқасында келді. Тәуелсіздік біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтайтын аманатымыз. Алтын әріппен жазылаған ата - бабаларымыздың есімдері бәрімізге мәлім. Осындай бейбіт жолмен келген жерімізді, Отанымызды мақтан ету, сыйлау және сыйлата алу әрбір ұрпақтың, жүрегі қазақ деп соққан азаматтың басты міндеті деп ойлаймын.
Қазіргі таңда қоғамда өкінішке орай өз жерінің қадір - қасиетін білмейтін жастар легі баршылық. Өзінің туып өскен жерін, дінің тастағандарды арсыздарға теңер едім. Көптеген қазақ ұлтының ұрпақтары өзге жерде, өзге отбасында, және де басқа дінмен, тілмен тәрбиеленіп жатыр. Ғасырлар өткен сайын, біздің тәрбиеміз, бұрындары қиналған жаугершілік заманнан қалған ұрпақтарымыз деп айтуға мүлде ұят нәрсе деп ойлаймын. Мұндай болуымызға ешкімнің де, еш нәрсенін де кінәсі емес. Оған тек өзіміз ғана кінәліміз. Ондай болғанымызға ашынамыз. Сәлде болса, қазақ елінің ұрпақтары болашағымыз айқын болса десеңіздер тура жолмен жүріп бағалайықшы. Танымал болғанымызбен, салтымыз бен ғұрпымызды алмастырмайықшы. Өзге ұлтты дамытқанша, өзіміздің атамекенімізді дамытып, гүлдендірейікші. Өзге ұлтшылдарға біз құл емеспіз, еркінбіз, азатпыз.
Біз намысшыл ел болғанымызға мақтанамыз. Қаншама зардапты көрген бабаларымыз, бізден яғни ұрпақтарынан үлкен үміт күтеді. Қазақ еліне барлық елдер қызыға да, қызғана да қараайтын мемлекетпіз. Қазақ ақыны Жұбан Молдағалиев «Мың өліп, мың тірілген» халық деп айтқан еді. Ал Қаз дауысты Қазыбек би болса:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт - береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз,
Ешбір дұшпан басынбаған елміз.
Басымыздан сөз асырмаған елміз,
Достықты сақтай білген елміз,
Дәм – тұзды ақтай білген елміз - деп қазақ елімен, жұртын ұлы болғанын дәлелдеп, сипаттаған еді. Бізге бабалар тұлпарының тұяғымен жазылып өткен тарихымыздың әр бір парағы көңіл аударлықтай ерекше қымбат. Қазақстан елінің бүгінгі болашақ ұрпақтары оны әрдайым орынды мақтан ететін болады. Еліміздің абыройын бұрын болмаған аманатын, адалдығын биікке көтереді деп ойлаймын.
«Егемен болмай ел болмас» дегендей біз азаматтық жылдарында, ұлы жолдан өттік. Данышпан Абай атамыз: «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген. Сондықтан болашағымыз бүгінгіден жарқын болатынын қалағандарға, әр азамат өздерінен бастап еңбектену керек деген ойға келдім.
Өз шығармашылығымнан:
Қасиетті сөздерден жыр ұғынып,
Қазағымның дастанын мың ұғынып,
Ұлы дала ұрпағын ұлықтаумен
Не екенін ұғындым ұлылықтың.
Ұрпағымен қазағым жалындаған,
Ұят пенен намысқа малынбаған.
Ата - бабам тектілік мұрағатын,
Дәлелдейін олардың қанында бар!
Нық ұстаған кең құшақ керегесің,
Өлеңіме таққанда жыр толқынын.
Біз қазақтың ұрпағы өр намысты,
Жоғалтпаған тәрбие өнегесін.
Қырандары барыстай, арысы нар,
Жыр жазамын сондықтан таяғы шұбар.
Осындай Ұлы дала ұрпағымыз,
Бойда қуат, кеуде де намысы бар.
Ақындардың талайы жыр арнады,
Бабамызды ұлықтап қылар баға.
Дәстүрі мен тарихын жоғалтпаған,
Қазақстан елінің қырандары.
Ұлылықты айтудан жалықпаймыз,
Ұлылығым береді бір тәлім із.
Ата - бабам қанымен құрметтеген,
Бізде нағыз даланың ұрпағымыз.
Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық код жөнінде жазды. Тіл - ұлттық кодтың жиналатын, сақталатын, ұрпақтан - ұрпаққа берілетін қоры, қазынасы. Яғни тіл біздің барымыз. Жастарымыз ғасырлар қойнауынан жеткен туған тілде сөйлеуге намыстанбайтындай, тілімізді санамызға орнықтыру керек. Қазақтың жері, тілі өзінікі. Әрқашан Елбасы Қазақстан алдымен өзін сақтау, содан барып өркендеу барысын көрсету керектігін меңзеп отырады. Осындай елдік борыш қазақ жастарының басты маңызды міндеті. Ұлттық кодтан айырылған ұрпақ – тамырынан айырылған дарақ. Заман дауылына қасқайып тұра алмас.
Ана тіліміздің болашағы жарқын болары күмәнсіз.
Алдағы уақытта санамызды жаңғыртып, етек - жеңімізді жинап, Ұлы Дала ұрпағына сын келмейтіндей, салт - ғұрпымызға сай келетін дүниелерді рухани жағынан жаңғырту жолында қызмет еткеніміз жөн. Ұлы Дала ұрпағы болып атануымыз өткен күн мен бүгінгі күннің жемісі деп ойымды түйіндеймін.


Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: