Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Диктант «Ән» - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Ән»
Диктант «Ән» - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақтың мақсаты:  Тыныс белгілернің қолдану  орындарын білдіру,                              
                                     жалпы пунктуация туралы алған білімдерін бекіту. 
                                     Сауатты жазуға , ән өнерінің құдіреті , атақты 
                                     өнер иелері туралы түсінік қалыптастыра отырып, 
                                    туған халқының  өнерін, мәдениетін ,салт –дәстүрін                  
                                     сүюге баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, нәтиже сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жазба жұмысы, қайталау.
Пайдаланған әдебиеттер: «5-9-сыныптарға ранлған диктанттар мен                       
                                            мазмұндамалар жинағы».  
                                             Құрастырушы.М.С.Атабаева.   
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
                           2.Жазба жұмысы                                                  
                                                  Ән
  Сәлмен ат үстінде теңселе түсіп, ыңылдап келеді. Қазақтың осы бір ұшы-қиыры жоқ шұбырылып таусылмайтын ұзын сонар баяу әуендерінің бірі сияқты.
  Ән- көңілдің ажары. Сәлмен әнінен серігінің ұққаны да осындай көңіл күйдің зары, көңіл құсының талпынысы еді. Бұл білмейтін бір жасырын сыр бар сияқты. Сәлмен әнді жалғыз салғанымен, тағы біреу қасында қосылып, сырласып келе жатқандай, көңілі кең, жүрегі таза, ісі де, сөзі де орнықты , жүріс-тұрысы да қылықты, өзі де сүйкімді жан болу керек. Сөз жоқ, сондай , сондай адам. Әйтпесе, мына ән, мына ырғақ, адамның жүрек  қылын жайлап шерткен биязы әуен шымырлап  бойға тарап, басқа ұра ма?! Сәлмен барлық сырын сол адамның алдына жайып салып, мұңын шаққандай, ақылдасқандай болады. Ол адамның да   Сәлменге айтары аз емес сияқты. Сондықтан болар, ән де бітпей келеді, айтылар сыр да  айтылып таусылар емес, әлі де жалғаса бермек, созыла бермек...
           -Ау, Сәлмен, ән не туралы?-деді серігі қатарласа беріп.
           -Ән ауыл туралы, сары дала, кең жазық туралы, сол жазықта бұлаңдап өскен ерке қыз туралы...
                                                   (Б.Тілегенов, 171 сөз).
Үйге : Пунктуация саласы бойынша өткенді қайталау, ереже жаттау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: