Оқушыларға
Махамбет Өтемісұлының өмірінен қысқа үзінді
Махамбет Өтемісұлы - қазақтың жалынды жыршысы, озық ақыны, патша өкіметіне қарсы күресте қолбасшы болып келді. Махамбеттің өлеңдері бізге кішкентай кезімізден ет пен қанымызға сіңген....
Ғылыми мақала
Махамбет Өтемісұлының өмірінен қысқа үзінді
Махамбет Өтемісұлы - қазақтың жалынды жыршысы, озық ақыны, патша өкіметіне қарсы күресте қолбасшы болып келді. Махамбеттің өлеңдері бізге кішкентай кезімізден ет пен қанымызға сіңген. «Нарында»,«Көшер еді – ау біздің ел»,«Арқаның қызыл изені» сияқты туындылары жадымыздан кетпейді. Ол өз өмірін патша өкіметіне деген қарсылықта өткізді. Махамбеттің көтерілісінің себебі патшаның аяусыздығы, әділетсіздігі, жер мен салық мәселесі болды. Сол кездегі Махамбеттің өмірінің қысқа бір Маңғыстау өлкесінде орын алған оқиғасына сыр шертіп көрелік!
Бір күні Махамбет Айдахан маңында бір жігітке көзі түседі. Ол алдына келген 4 - 5 казакты бір өзіп жайратып салады. Махамбет сол сәтте онымен танысып, үйіне қонақ қылады. Бұл ержүрек адамның есімі Баба, руы адай. Өзі Ақтұмсық деген жерде тұрады. Бұл жерге ол балық кәсібімен айналысатындықтан, балықты сатуға келген екен. Махамбет Бабаны бірнешекүн қонақ етіп, оның балығын сатуға көмектеседі. Бұл Махамбеттің бірінші көтерілісінен кейін жолықтырған ержүрек адамы, соны кезіктіргендегі қуанышы еді. Баба Махамбеттің бұл ісіне дән риза болып, кезі келсе өзі декөмегін аямайтынын білдіріп, ауылына қайтып кетеді.
Махамбет Жәңгір ханға қарсы қол жинау мақсатымен теңіз үстімен Маңғыстау өлкесіндегі Форт - Шефченкоға келеді. Бұл жерде адайлардың көсемі Сұйынқара тұрады. Махамбет Сұйынқарамен жолығып Хиуаға баратын сенімді жолдас керек екенін айтады. Бұл жолдас Баба болғанын қалаған Махамбет шет жағасын Сұйынқараға тұспалдап жеткізеді. Сұйынқара Бабаны және оның тұратын жерінде танитын болып шықты. Ол Бабаны шақыртып, ақырында Баба Махамбетпен бірге Хиуаға жасырын сапарға аттанады. Жол үстінде жүріп келе жатса қасқырдың ізі көрінді. Алдында үлкен апан бар екен. Сонда Баба үстіндегі киімін шешіп, еш қорықпастан жалғыз апанға кіреді. Бұны Махамбет ерсі көріп бақылап тұрады.
Бір уақытта Баба апаңнан шықты да, қолындағы қасқырдың терісін Махамбетке берді. Махамбет таңғалып,«қасқырдың терісін тірідей сыпырған адайды алғаш рет көріп тұрмын»,- деп жаныңдағы жолдасының мықтылығына тағы да бір көз жеткізді. Бұл оқиғаны Махамбет көтерілістің шамшырағы болған Үбіге айтады. Ал Үбі айтыскер ақын - Мұрат Мөңкеұлына жеткізген екен. Осылайша, бұл оқиға бізге жетіп отырған жайы бар. Қорытындылай келе мына оқиғаның тәрбиелік мәні зор екенін байқаймыз.
Менің ойымша Махамбет пен Бабаның арасындағы байланыс көп нәрсені меңзейді. Себебі Бабаның ержүректілігі, шыңшылдығы, батылдығы оқиға желісінде анық көрінді. Мен оны Махамбеттің «қасқырдың терісін тірідей сыпырған адайды бірінші рет көріп тұрмын» деген сөзімен дәлелдей аламын. Бұл оқиға Адай елінің көмек көрсетуге аянбайтын, жаужүрек, батыл халық екенін көрсетеді. Оқиғаның мазмұны адамзатты ержүректілікке, еліне патриот болуға, қиындыққа мойымай төтеп беруге, шыншыл болуға шақырады.
Орындаған: Куандыкова Нурбану

Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: