Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Ақынның отты поэзиясы - Қазақ тілі, 10 сынып

Тақырыбы:Ақынның отты поэзиясы
Ақынның отты поэзиясы - Қазақ тілі, 10 сынып

Мақсаты: Ақынның отты поэзиясына талдау жасай отырып,мазмұнын ашу, түсіндіру.
Дамытушылығы: Өлеңдерінің көркемдік еркшелігі, Исатай бейнесін сомдаудағы тәсілі.
Тәрбиелілігі: Елін, жерін, халқын сүюге баулу.
Әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау.
Түрі:  Білімді жетілдіру сабағы
Барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
  • 1.     Махамбет өмір сүрген қоғамдық кезең мен өскен ортасы жайлы не айтасың?
  • 2.     Махамбет өмір сүрген кезеңдеегі басты оқиғалар және оған ақынның қарым-қатынасы қалай көрінеді?
  • 3.     Махамбет өмірбаянының негізгі кезеңдерін сол кездегі саяси-әлеуметтік жағдайымен байланыстыра шығармаларына мысал келтір.
III. Жаңа сабақ 
Адамның басқа тіршілік иесінен басты айырмасы – сөзбен саналы іс-әрекет десек, Махамбет Өтемісұлында жалын отты өлеңдері мен елі үшін жанын пида етер қайратты ерлігі қатар жүреді. «Менің атым – Махамбет», «Атадан туған аруақты ер», «Нарын», «Тайманның ұлы - Исатай»

IV. Махамбет жырларында ақынның лирикалық кейіпкері – «Мені» қалай cуреттеледі? Мысал келтіріңдер.
Үлгі: Мен кесекті ердің сойымын
Немесе: Мен,мен,мен едім...
Махамбеттің: «Жақсыларға көп едім, Жамандарға жоқ едім»,-  деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

V. Венн диаграммасын тиісті талап бойынша толтырыңдар.

АқынОртақ белгіЖырау




VI. «Махамбеттің патриотизмі –ұрпаққа үлгі» тақырыпта ой толғау жазу.
VII. Сабақты қорыту.
VIII. Үйге: “Асыл адам айнымас» деген тақырыпта Махамбет пен Исатай арасындағы адал достық туралы шағын эссе жазыңдар. Тест құрау.
IX. Бағалау
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: