Презентациялар

Презентация: Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалығы.

Біз өміріміздің алғашқы күндерінен бастап-ақ айналамыздағы болып жатқан алуан түрлі өзгерістерге, әсіресе дыбыс, қозғалыс сияқты физикалық құбылыстарға ерекше назар аударамыз. Бізді қоршаған әлемнен әр түрлі қозғалыстарды жиі бақылауға болады. Мысалы, аспандағы қалықтаған бұлтты, ұшып бара жатқан ұшақты, жүріп келе жаткан машинаны, піскен алманың жерге құлап түскенін, үстел үстімен қозғалған арбашаны, серіппеде тербеліп тұрған шарды және тағы басқаларды көреміз. Бұл жағдайлардың бәрінде де дене қозғалды дейміз.Зейін қойып қарасақ,
Презентация: Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалығы.

Демек, дененің қозғалатыны немесе қозғалмайтыны туралы айту үшін, оның айналасындағы баска денелерге қатысты орнын өзгертетінін не өзгертпейтінін білуіміз керек. Келтірілген мысалдағы бұлт, ұшақ, машина және алма Жермен салыстырғанда бұрынғы орнын өз- 1. 20 м/с жылдамдықпен біркалыпты гертеді. Ал арбаша үстелмен, шар тіреуішпен, яғни оны ұстап тұрған қолмен салыстырғанда орнын өзгертеді. Бұл мысалдардан мынадай маңызды тұжырым жасауға болады: денелер уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын. өзгерте алады.

Қозғалыстың салыстырмалылығы
Дене кей жағдайда тұтас қозғалмай, оның жеке бөліктері ғана қозғалуы мүмкін. Мысалы, дене шынықтыру кезінде тік тұрған адамның қолы немесе аяғы денесіне қатысты бұрынғы орнын өзгертеді. Шұбалшаң қозғалғанда оның денесіндегі буылтықтарының бірімен-бірін салыстырғандағы орны өзгереді. Сол сияқты серіппе созылғанда не сығылғанда оның бөліктерінің салыстырмалы орны өзгереді. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырганда бұрынғы орнын өзгерте алады. Денелердің және олардың бөліктерінің осылай орнын өзгерту процесі табиғатта болып жаткан барлық құбылыстарда маңызды орын алады. Сонымен, дененің немесе дене бөлшектерінің уақыт өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады. Қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырылып қарастырылатын денені санақ денесі деп атау келісілген.. 


Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: