Презентациялар

Презентация: Планеталардың қозғалысы

Күн жүйесінің кұрамында сегіз планета бар. Бұлар Күнді эллипстік орбиталар бойымен айналып жүреді. Күннен алыстау орналасуына карай, олар: Меркурий, Шолпан, Жер (Аймен коса), Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун деп аталады. Құралсыз көзбен бес планетаны - Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурнды көруге болады. Сыртқы түріне қарап планетаны жұлдыздан ажырату оңай емес, оның үстіне ол көп жағдайда жұлдыздан гөрі жарық бола бермейді. Планеталар аспан сферасының тәуліктік қозғалысына қатысып кана қоймайды,
Презентация: Планеталардың қозғалысы

«Планета» деген сөздің өзі олардың осы ерекшелігіне байланысты, өйткені ертедегі гректер «қыдырма» шырақтарды осылай атаған. Аспан денелерінің тәулік бойы аспан әлемінде қозғалатынын бәріміз де байқаймыз. Түні бойы Ай мен жұлдыздардың да қозғалысын бақылауға болады. Мұнда жұлдыздардың бір-бірімен салыстырғандағы өзара орналасу қалпы өзгермейді.

Күнге ең жақын планета - Меркурий (қазакша аты - Болпан немесе Кіші Шолпан). Сондықтан да оны бақылау киын. Әйтсе де, соңғы радио- бақылаулардың мәліметтері бойынша, Меркурийдің өте баяу айналатыны анықталды, яғни бұл планетадағы тәулік шамамен жердегі 176 тәулікке тең. Бірақ ол Күнге жақын орналасқандыктан, оның орбитасы Жердікіне қарағанда кіші. Меркурий өлшемдері жағынан да, массасы жағынан да кішкене болғандыктан, ол өзінің айналасында атмосфераны ұстап тура алмайды. Күнге жақындығы және елеулі атмосферасының болмауы салдарынан онда температураның күрт өзгеруі болып тұрады. Мысалы, күндіз температура +300°С-ка дейін жетсе, ал түнде шамамен -200°С болады. Атмосфера болмаған соң, онда бұлт та болмайды. Аспан кап-қара болып, жұлдыздар жарқырап, орасан зор Күн тәжі анық көрініп тұрады.


Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: