Рефераттар

РГР: Наймандар мен Керейлер тарихы

Қазақ халқының құрамындағы белді тайпалар мен ұлыстардың бірсыпырасы – керейлер, наймандар, қоңыраттар, қаңлылар тағы басқалар құдыретті моңғолдар қозғалысынан бұрын Орталық Азия мен Орта Азияның ұлан-байтақ өңірінде өз алдына хандық құрған болатын. Бұлар Шыңғысханның жорығына қарсы жиырма жыл бойына қажырлы қарсылық көрсетіп, ерлік күрес жүргізді. Сол кезде жеке-жеке ұсақ хандықтарға бөлініп, бытыранды жағдайда өмір өткізіп отырған қазақ ұлыстарын Шыңғысхан біріне-бірін қоспай жеке-жеке талқандады және әр алуан әдістермен өзіне
РГР: Наймандар мен Керейлер тарихы

Керейлер. Орта ғасырдағы жазба деректерге «Моңғолдардың құпия шежіресі», «Моңғолдардың алтын тарихы» сияқты кітаптарда «керей» атауы «кереит» түрінде берілген. Ал «Иуан патшалығының тарихында» «кіле», «хыле», «клейі», «хлейы» деп жазылған. Парсы және түркі тіліндегі «Жамиғ-ат-тауарих», «Шежірейі түрік» сияқты кітаптарда да «керейт» түрінде кездеседі. Көне түркі тілінде «т» қосымшасы «лар». «лер» деген мағынада жұмсалған. Демек, «керейт» - керейлер деген сөз. «Керей» деген ұлыс атының тегі мен мағынасы жөнінде зерттеушілер әр алуан жорамал-жорулар айтқан. XIV ғасырдың басындағы парсы тарихшысы Рашиден «Жамиғ ат-тауарих» атты кітабында былай баяндайды: Ерте заманда бір хан болыпты, оның жеті ұлы бар екен. Ұлдарының өң-түсі өңкей кер болғандықтан «керейлер» атанған екен. Кейін бұл балалары өсіп-өрбіп тайпа ел болыпты да «керей» сол тайпаның атына айналыпты. Ең ақырында «керей» деп хан шыққан ру ғана аталатын болған. Басқа тайпалар осы ханға бағынған. 

Осыған меңзес сөз Әбілғазы әл-Хорезмидің «Түрік шежіресі» кітабында да көрсетеді. Онда ағайынды жеті адамның өң-түсі түгел кер болғандықтан, олардың ұрпағы «керей» (керейлер) деп аталған дейді. Автор керейлерді оғыз тайпаларынан шыққан дейді. Қазақ тілінде «кер» деген сөздің мағынасы өң-түсті білдірсе, енді бір мағынасы ер, биік, асқақ деген ұғымды береді. Лиау (907-1125), Жин (115-1234) патшалықтары кезінде керей ұлысы көптеген тайпалар мен руларға бөлінген. Олар: 1) Керейхан тайпасы. Хандар осы тайпадан шыққан, ол басқа тайпаларға үстемдік еткен, барлық тайпалар Керей ханның бұйрығына бой ұсынатын болған. 

2. Жырхын тайпасы. Бұл керейлердің ішіндегі ең күшті тайпа болған. Олар Қарауыл-Жыдұн және Жегір-Жүлгір деген жерлерде көшіп қонып жүрген. Олардың басшысы Байүк батыр деген адам болған. Ол Күрени деп аталған он мың үйдің ұлығы еді. Жырхын тайпасы керейлер ішінде «сый құрметке бөленген батыр тайпа болды», керей ұлысынан шыққан батырлардың осы тайпадан еді.  
3. Тонхайт 
4. Сахиат 
5. Тобарыт 
6. Албат тайпасы 

ХІХ ғасырда Алтай аймағындағы керей тайпасынан шыққан шежіреші Мәми керей ұлысының арғы тегін мынадай сегіз тайпадан таратады: шөп, сеп, байлау, қайлау, елдей, күлдей, изен, жусан. Осы мәми айтқан тайпалардың аты 7-8 ғасырлардағы Жұңго жылнамаларында да бар, олардың көбі қазіргі Жоңғарияның мекендеген телі тайпаларының қатарында аталады. ХҮІІ ғасырдың басында Жоңғариядағы шеп, сеп, байлау, қойлау тағы басқа тайпалар шығыс түрік қағандығының үстемдігіне қарсы көтеріліс жасап, 607-жылы шеп тайпасының бастығы Керін Еркінді хан көтеріп, «Изен Бағақаған» деп атаған. 

Наймандар. Наймандар – ежелгі түркі тілдес ұлыстардың бірі. Олар ежелгі заманда-ақ Ертіс өзенінің батыс жағындағы таулы өлкені мекендеген. Наймандар ерте кезде Ертіс өзені мен Орхұн өзені аралығын мекен еткен түркі тілдес көшпелі тайпалардың одағы ретінде жарыққа шыққан. Бұл одақ ерте кезде түркі тілінде «сегіз-оғыз» тайпалары деген атпен аталған. Еліміздің ежелгі ханзу тіліндегі жылнамаларында «Жұй-бу», «Че-бу» (Жұй ұлысы, яғни че тайпалары) деген ортақ атпен аталып жүрген. Елімізді билеген Алау әулетінің жылнамаларында бұл тайпалар «найман» деген атпен аталады. Кейбір зерттеушілер: маңғол тілдес қидандар, сірә, оларды түрікше «сегіз тайпа одағы» деген мағынаға теңдестіріп «найман» деп атап кетсе керек» деп топшылайды. «Сегіз-оғыз» аталған найман тайпалар одағы ҮІІІ ғасырдың орта шенінде жоғарғы Ертіс пен Орғұн аралығында жасап, Ханғайдан Тарбағатайға дейінгі жерді алып жатты. Х ғасырда, Алау патшалығы тарихи деректеріне сәйкес, мұнда жауынгер көшпелі тайпалар мекендеген. Олар деректемелерде сызу-бу деген ортақ атпен аталады да, негізгі үш топқа: солтүстік, батыс солтүстік және батыс топқа бөлінеді. Алау әулеті басқарған кезеңде «найман» аты пайда болады. Ол, сірә, сызбудың батыс тобына қолданылса керек. Алайда, осы кезде де сегіз оғыздың сегіз тайпасының одағы одан әрі өмір сүрді. Наймандардың және тегінде керейттердің де бір бөлегі қарахан мемлекетін құруға қатынасып, оның құрамына енген. 


Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: