Рефераттар

Құсбегілік ата-бабамыздан келе жатқан өнер

Құсбегілік — қазақ ұлтының қанына сіңген көне дәстүр. Оның тәлім - тәрбиесі атадан балаға қастерлі қалпымен жарасымды жалғасқан және жалғасып келеді
Құсбегілік ата-бабамыздан келе жатқан өнер

Құсбегілік — қазақ ұлтының қанына сіңген көне дәстүр. Оның тәлім - тәрбиесі атадан балаға қастерлі қалпымен жарасымды жалғасқан және жалғасып келеді. Басқа өнердің бұл түрі қазаққа етене жақын болғандықтан құсбегілік өнер біздің ұлтымыздың ерекшелігін айқындап тұрады. Оған дәлел ретінде әлемдегі бірде бір елдің мемлекеттік рәміздерінде кездеспейтін қыран бүркіттің тек Қазақстанның ғана туында көрініс тапқандығын айтуға болады. Одан бөлек жыл сайын елімізде бүркітшілер сайысы өткізіп, түрлі игі шаралар да өткізіліп тұрады. Бүркітті баулап, онымен аң аулау кәсібі, саятшылық өнердің бір түрі болып саналады. Жалпы осы Маңғыстауда Жетібай ауылының тұрғыны Дәулет Мұқашев құсбегілікпен айналысады.

Оның айтуынша, құсбегі ата кәсіпті Маңғыстаулық бүркітші Мереке Өтеғалиұлынан үйренген.”Осыдан 4 жыл бұрын Мереке Өтеғали ұлы тұратын Тұщыбек ауылына арнайы барып, кеңес сұрап құсбегіліктің қыр сырын үйрендім. Осы кәсіпті кеңінен насихаттап, шәкірт дайындап жүрген ұстаздың айтары да көп болды. Ата бабаларымыздың ұрпаққа қалдырған бай мұрасын сақтап, шәкірттер тәрбиелеп дамыта берсем деген ойдамын “ - деген пікір қалдырған болатын. Жәнеде, Дәулет Мұқашев қыс мезгілінде “Қандыбалақ”атты қыран құсымен аңшылыққа шығып, олжаланған аң терісінен илеу арқылы кәдеге жаратып отыр екен.
Қорытындылай келе, қазақ халқының тектілігін, жігіттерінің серілігі мен жүректілігін танытатын бұл өнер аса білгірлік пен мықтылық, қырандай қырағылықты талап етеді.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: