Рефераттар
«1001 мақал, 101 жұмбақ»
Мақал - мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата - бабаларымыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен мазмұны тереңдей, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді.
Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ».
Мақсаты: Студенттердің халық ауыз әдебиетін дамыту, тереңдету, ізденушілігін арттыра отырып, ой - өрісін кеңейту.
Тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетінің, Студенттердің сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
бойына адамгершілік қасиет дарыту, отанға, туған жерге, тілге деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Барысы:
1 - жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме? Құрметті студенттер және ұстаздар!
Мақал - мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата - бабаларымыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен мазмұны тереңдей, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Ендеше, «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысын ашық деп жариялаймын.
1 - жүргізуші: Мұндағы мақсатымыз – халық ауыз әдебиетін дамыту, халық мұрасын сақтау және жалғастыру, тапқырлық пен ой ұшқырлығына тәрбиелеу.
Мақал - мәтелдер – ғасырлар шежіресі, онда халық тарихы, оның тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал - мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Жұмбақтар да – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жалпы алғанда, жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді.
1 - жүргізуші: Ендеше ортаға сайысқа қатысушы үміткерлерімізді шақырайық (сайыскерлер ортаға шығады). Бүгінгі сайысымыз «Алтын қақпа» атты танымдық ойыны арқылы өтеді.
Ойын шарты: Ойынға қатысушыларды үш топқа бөлеміз:
1. «Білгіштер» тобы
2. «Тапқырлар» тобы
3. «Алғырлар» тобы
1 - жүргізуші: Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік:
1 - ші кезеңде «Тас қақпа» ашылады.
2 - ші кезеңде «Күміс қақпа» ашылады.
3 - ші кезеңде «Алтын қақпа» ашылады.
«Алтын қақпа» ашылғаннан кейін көмбеде «Алтын сандық» бар. Алтын сандықтың да өз тапсырмасы бар.
1 - жүргізуші: Өнер білім өнеге тұнған дарын
Білімділерге өз басым таң қаламын
Білімді әділдікпен бағалайтын
Таныстырайын әділқазы алқаларын:
1.
2.
3.
Ал енді, «Алтын қақпа» ойынымызды бастаймыз.
«Тас қақпада» мынадай тапсырмалар жасырынған:
1 - кезең: Кім жылдам? (әр топ мақалдың жалғасын айту керек).
1 - жүргізуші: Олай болса І - кезеңді бастайық. «Кім жылдам!».
Білгіштер тобына:
1) Отан... от басынан.
2) Ақылдыға жан қымбат,
... Ақылсызға мал қымбат.
3) Судың да сұрауы бар
4) Кітап... алтын қазына.
5) Ұстаздан... шәкірт озар.
6) Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
... ақылыңа ақыл қос.
7) Кітап білім бұлағы
Білім өмір шырағы
8) Ауру қалса да,... әдет қалмайды.
9) Жалқаудың... ертеңі таусылмайды.
10) Ата қоныс... алтын мекен.
Тапқырлар тобына:
1) Ел іші... алтын бесік.
2) Еңбек түбі - береке
3) Ел ұлтсыз болмас,
... жер гүлсіз болмас.
4) Өнер алды қызыл тіл
5) Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас
6) Дұшпан күлдіріп айтады,
... дос жылатып айтады.
7) Өзге елде ұлтан болғанша
Өз елінде сұлтан ел
8) Аурудың жақсысы жоқ,
... дәрінің тәттісі жоқ.
9) Әдепті бала - арлы бала,
... Әдепсіз бала - сорлы бала.
10) Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның тіленбей
«Алғырлар» тобына:
1) Арпа, бидай ас екен,
... алтын, күміс тас екен.
2) Жүйрік ат - бірде ат,... бірде қанат.
3) Жақсы сөз – жағым ырыс
4) Қоныс көркі - там,
... дастархан көркі - нан
5) Әкеге қарап ұл өсер
Шешеге қарап қыз өсер
6) Екі қолға... бір күрек.
7) Ауылым алтын бесігім
8) Қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі
9) Өз үйінде ою оймаған,
... Кісі үйінде сызу сызады.
10) Шыдамның да... шегі бар.
1 - жүргізуші: Ендігі кезекте «Күміс қақпаның» тапсырмаларын орындаймыз. ІІ - кезең: Ойлап, тап! Сіздерге суреттер беріледі, содан мақал - мәтел және жұмбақтар құрастыру қажетсіз. Сіздердің осы ойында қаншалықты шапшаңдылықтарыңызды, ептіліктеріңізді көреміз! Сіздерге сәттілік тілейміз! (суреттер беріледі содан көп мақал және жұмбақ ойластыру қажет).
1. Сағат ( Қабырғадан қарап тұр, уақытты санап тұр)
2. Жаңбыр ( Келеді түнеріп, кетеді гүл егіп. Жаңбыр жауса жердің көркі, қыз өссе елдің көркі)
3. Кітап ( Үнсіз - ақ тілдесесің, өзімен күнде өсесің. Кітап білім бұлағы)
4. Ара ( Дәрі жинап жүреді ылғи даламда, инесімен шипа егеді адамға. Арадан қорықпа, жаладан қорық)
5. Аққу ( Айна алдында таранады ән салып, табиғат та қарайдды оған тамсанып. Аққуды атпа, досыңды сатпа)
6. Ұшақ (Ұшқанда аяғын жасырып тығады, қонарда аяғы көсіліп шығады)
7. Алтын (Алтын көрсе – періште жолдан таяды)
8. Нан ( Нан – астын басы, тәртіп – істің басы)
9. Қошқар (Қайсы малдың мүйізі, болар шарап ыдысы. Екі қошқардың басы, бір қазанға сыймас)
10. Су ( Судың да сұрауы бар)
2 - жүргізуші: Сайыскерлеріміз ойланғанша біздер көрермендермен «Әзіл аралас сұрақтар» ойының ойнайық. (Сұрақтарға көрермендер мақалмен жауап
беру керек).
1) Жылан інінен қалай шығады?
Жылы - жылы сөйлесең жылан інінен шығады.
2) Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар).
3) Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу инемен құдық қазғандай).
4) Аппақ қарға бола ма? ( Қарға баласын «аппағым» дейді).
5) Не қорқақ не батыр? ( Көз – қорқақ, қол – батыр).
6) Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті).
7) Тауық түс көре ме? ( Тауықтың түсіне тары кіреді).
8) Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман).
1 - жүргізуші: Сонымен «Алтын қақпаның» тапсырмаларынада жеттік. 3 - кезең: Ендеше келесі кезең Тапқыр болсаң, тауып көр! Жасырылған жұмбақты бір топ шешеді, ал екінші топ соның жауабына мақал құрайды.
1) Қимылдаса қос шебер, қыруар - қыруар іс өнер(қол)
Қол батыр, көз қорқақ.
2) Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама(кітап)
Кітап - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
3) Жазда жайнайды,
Күзде жайрайды.(жапырақ)
Ағаш көркі - жапырақ,
Адам көркі - шүберек.
4) Аспаннан домалап көп моншақ төгілді,
Бусанып жөн алып, терілді, керілді(жаңбыр)
5) Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
6) Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды(балық)
Балық басынан шірейді.
7) Қатар - қатар тас қойдым,
Жирен атты бас қойдым(тіл мен тіс)
Өнер алды - қызыл тіл.
Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
1 - жүргізуші: 4 - кезең Сергіту сәті «Адасқан әріптер» ойыны. студенттер әріптерді алып салт - дәстүрлердің атын құрайды.
1. Шашу
2. Той
3. Көрімдік
4. Сүйінші
5. Беташар
1 - жүргізуші: 5 - кезең Ойна да, ойла. Ендігі сәтте көмбеде «Алтын сандық» бар. Сол алтын сандықта жұмбақтар жасырылған.
1. Адамға серік,
Күзетке берік.(ит)
2. Құстан аумайды,
Көкке заулайды.(ұшақ)
3. Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона пайдасын біліп алдым. (Қамшы)
4. Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан.(күн)
5. Суда қалқиды,
Жылуда балқиды.(мұз)
6. Біліммен мол сый - осы,
Балғындардың ұясы.(мектеп)
7. Сырт - сырт соғады,
Уақыт озады.(сағат)
8. Орақ болып туады,
Табақ болып тынады.(ай)
9. Тілі бар өзінде,
Сөзі бар ізінде.(қалам)
10. Білімнің жол басшысы, шәкірттің қолбасшысы.(мұғалім)
11. Сағат сайын соғылады, тек мектептен табылады.(қоңырау)
12. Иесі оның сәби,
Әрі төсек, әрі үй. (Бесік).
Жүргізуші: Әділ - қазылар алқасының қорытынды сөзі.
Ән: Атамекен
Қорытынды. Мақал - мәтел, жұмбақтар – ұрпақтан ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар, қоғамдық әлеуметтік дүние, ол қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез - құлқы және іс - әрекеттің рухани негізі. Қазақтың өмір салты мен сыйластығы өте зор. Біз қазақтың тәрбиелі ұлдары мен қыздары болайық! Құрметті көрермендер! Осымен бүгінгі өткен «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты жарысымыз аяқталды.

Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: