Ұстаздарға
Алғысым шексіз...
Алғыс айту – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік және өз ара сенімділік пен құрмет көрсету яғни күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде сол баяғы сенің жан дүниеңдегі аласұрып лаулап өрт болып жатқан қиыншылығыңды...
Алғысым шексіз...
Алғыс айту – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік және өз ара сенімділік пен құрмет көрсету яғни күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде сол баяғы сенің жан дүниеңдегі аласұрып лаулап өрт болып жатқан қиыншылығыңды бірге арқалап, алдыға жетелеп, әрдайым жаныңның жаршысы бір сөзбен айтқанда «жайылсаң жастар жастық, көсілсең көлденең көрпе» бола білген барлық жандарға шын көңіліңнен алғысымен рахметін айтуы, жүрек жарды жылы лебіз сөзін тілге тиек етуі деп білемін.
Пендешілікпен біліп иә білмей жақынымыздың көңіліне қаяу салып жататынымыз да рас. Мен жақтан қандай бір қателік кетсе, осы орайды пайдалана отырып кешірім сұрауды жөн көрдім. Уақыттың өтетіні рас, көп нәрсенің ұмытылатыны рас. Бірақ өмір бірақ рет беріледі деген баршамызға аян қағида бар. Ол қандай заманда, қандай жағдайда өтсе де бәрібір қымбат. Айналамыздағы жанымызда жүрген жақсы жандардың қадірін білу керек деп ойлаймын. Барынша осы айналамдағылардың таңдай қағып сүйсінтетіндей қасиеттерін өне бойыма сіңіруге тырысамын.
Ризашылық адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне жасаған істеріне жоғары баға беруі. «Ризашылық» атты акцияның негізін қалаушы Сара Алпысқызы екенін бірі білсе де, бірі біле бермейтіндігі өкінішті - ақ. Жылдың бір күнінде не үшін рахмет айту керек екенімізді көкейімізге түйе жүрсек артық етпейтін мойындайтынымыз хақ.. Көптеген адамдар алғыс айта білмегені үшін рухани жағынан кедей осал топқа сай келетіні бәрімізге мәлім. Қазақстан халқы Ассамблеясы «1 - наурыз – Алғыс айту күні» ризашылық пен алғыс, сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, үлкен кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілдікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында арнайы бір күнді бекітіп, жоғары деңгейде мерекелеуді үрдіске айналдырған елдердің бірі.
«АДАМ БАЛАСЫ АДАМ БАЛАСЫНАН АҚЫЛ, ҒЫЛЫМ, АР, МІНЕЗ ДЕГЕН НӘРСЕЛЕРМЕН ОЗАДЫ» - деп. Абай Құнанбайұлының жыр шумағы еріксіз есіңе түскендей, ең алдымен «жақсы адамдар» десе ой елегіме бірінші анам, бауырларым, туысқандарым және екінші әріптестерім түседі. Анамның орны ерекше, шексіз жақсы көремін, өйткені маған жаны ашитын жандардың бірі, барлық қажеттілігімді тауып беріп, ешкімге қол жайып мұқтаж қылмай « қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай» әлпештеп тәрбиелеген, ешкімнен кем қылмай қатарымның алды қылып өсірген әрине бұл менің анам! Анаға - өмір сыйлағаны үшін, екіншіден Ұжымға – жылы құшағы мен демеуі үшін алғысым шексіз.
Екінші көшбасшым! Көшбасшымыз үлкен кіші демей барлығына сіз деп елжіреп тұруы барлығының қамын ойлап, қолынан келгенше көмектесуі адами қасиетінің жоғары, ұлы тұлға екенін айқындап тұрғандай. Білім деген өнер теңізінде қырандай қалықтап ұшу, кемедей жүзу жолында көрсетер қыруар қаржы еңбектерін айтпай аттап өту мүмкін емес. Ол кісі халқымыз үшін бар күшін сарп етіп, бүкіл өмірі мен ерең еңбегін тек осы жолға арнап жұмыс жасауда. «Әр қаракөз менің басты байлығым, жетістікке жетуі мақсатым. Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген ұстанымдағы көшбасшымыз барлық жағдайды жасап, тыныш да жайлы, қолайлы жұмыс жасауға мүмкіндік жасап отыр.
Адамның басшысы – ақыл,
Жетекшісі – талап.
Жолушысы – ой.
Жолдасы – кәсіп.
Қорғаны – сабыр.
Қорғаушысы – мінез.
Сынаушысы – халық деп ата - бабамыз бекер жырламаса керек. Адам бос сөзбен ханның сарайын салып, жеке мемлекет орнатып тастайды. Ал ісіңді дәлелдеу үшін көп жылдар мен төккен маңдай терлеріңізбен қажымас қайрат, күш - жігерлеріңіздің алдында басымды иіп тағзым етемін. Ал сіздер тек қана жақсы жағымнан қолдап қолпаштап әрі тілеушім, әрі тіреуішім болдыңыздар Менің айналамдағы адамдардың барлығы саналы, білімді және мейірімді жандар. Сондықтан жанымызда жүрген жақсы тұлғаларды қадірлей білейік. Сапалы да саналы жақсы оқу жайынан білім алам десеңіз, таңдауыңыз тек жоғары сауда - экономикалық колледжі болсын!!!
«Ерте ме, кеш пе, жүйрік аттар сүрінеді. Тік иықтар бүгіледі. Қара шаштар – ағарады. Сұлу келбет – әжім түсіп қартаяды. Өткір жанар - суалады. Бірақ иманды жүрек, ешқашан өзгермейді де қартаймайды» деген өлең шумақтары еріксіз есіңе түсіреді. Түрлі жағдайлардан қорғап, жаныма демеу болған жандар көп - ақ дегенмен соның ішінде орны ерекше жандардың атын атап, түсін түстеп өтуді жөн көрдім. Халқымыз қай заманда да өнерді алдыңғы орынға қойып қастерлегендігі бесіктегі баладан алпыстағы қарияға дейін білетіндігін тілге тиек етпеу мүмкін емес. Сегіз қырлы, бір сырлы өнер адамдары н сыйлап, «өнер алды - қызыл тіл» деп бағалау адамзаттық борышым деп білемін. Өнер адамдарын ардақтап, қабілеттері мен дарындарын ұрпаққа үлгі етіп отыратын жандарға алғыс айтпау, дінімізге, тілімізге және салт - дәстүрімізге жат дүние. Сондықтан «жанымда жүр жақсы адам» деп көкірегі ояу, рухы биік, жүрегі таза тұлғалардың мерейінің үстем болуын шын жүрегіммен тілеймін. Мен үшін үлгі тұтарлық жандар сіздерсіздер яғни менің асыл қазынам, тірегім, жүрегімнің төрінен орын алған жансыздар. Басшымыз Күжімов Мырзабек, Жанар Сеитова, С. Суюиндикова, Г. Устименко, Б. Худабай және Л. Аифовна және С. Смаилова, Ж. Салиева, С. Барамбаева, Ү. Адырбекова, Д. Кусаинова, Н. Курмангалиева, Ж. Оспанова, М. Нуритдинова, А. Сагинбаева, Н. Кайпбаев, З. Кожагельдина, Г. Карипова т. б. аты аталмаған барлық ұжымға рахметімді айта келе сіздерге тілерім:
Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын!
Отбастарыңызға бақ орнасын!
Ырыс - несібе үйлеріңізден кетпесін!
Ұл - қыздарыңыз аман болсын!
Абыройларыңыз асқақтай берсін!!!
Ізгі тілек, жылы лебізін білдіруші Жакей Жырғаған

Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: