Сабақ жоспарлары / Физика

Әлемнің дамуы мен элементар бөлшектер туралы мағлұмат. - Физика, 9 сынып, 56 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Әлемнің дамуы мен элементар бөлшектер туралы мағлұмат.
Әлемнің дамуы мен элементар бөлшектер туралы мағлұмат. - Физика, 9 сынып, 56 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  • 1.     Білімділік мақсаты: Әлем дамуы туралы түсінік беру. Ғарыш сәулелерінің шығу тегі туралы болжамдармен таныстыру.
  • 2.     Дамытушылық мақсаты: Қара құрдымдар қалай пайда болғаны мен үлкен жарылыстар туралы мәлімет беру.
  • Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.
  1. Элементар бөлшектер деп қандай бөлшектерді айтамыз?
  2. Бөлшек пен антибөлшектің айырмашлығы?
  3. Ғарыш сәулелері дегеніміз не?
  4. Радиоактивті сәулелердің қауіптілігі?
ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
Бүгінгі негізгі мақсатымыз «Әлем» жайында, оның пайда болуы туралы түгел мәлімет алу, аспан әлемінің басқа да денелерімен танысу, эксперименттік зерттеулердің нәтижелерімен танысу. 

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
1. Ғарыш сәулелерінің шығу тегі туралы мәлімет беру.
Ғарыш сәулелерінің пайда болуы – жұмбақ..Алайда олардың пайда болуын қартайған жұлдыздардың қойнауында жүріп жатқан процестер арқылы түсіндіруге негіз бар.Шынында да, жұлдыздарда термоядролық отын таусылғаннан кейін,ядроларбың бірігуі реакциясы кезінде туатын ғаламат зор сәулелік қысым жойылады. Сөйтіп, гравитациялық тартылыс күші, өзіне қарсы бағытталған сәулелік қысым жойылысымен, жұлдыз массасын оның центріне қарай алапат зор күшпен қысады. Егер осындай күшке Жер немесе Күн тап бола қалса, онда Жер радиусы бар болғаны 1см. Шардың, ал Күн радиусы 3км. Шардың аумағына сыйып кетер еді.Бұндай радиустарды гравитациялық радиус деп атайды.
2. Пульсар деп аталатын нейтрондық жұлдыз туралы түсінік беру.
Алапат гравитациялық қысым салдарынан жұлдыз атомдарының электрондары ядро ішіне еріксіз сығымдалады. Сөйтіп, электрондармен протондар бірігіп, нейтрондарды құрайды.Осылайша пульсар деп аталатын нейтрондық жұлдыз пайда болады.
3. Коллапс дегеніміз не?

Гравитациялық қысымның әсерінен пульсардың температурасы біртіндеп милиардтаған градустқа көтеріледі.Соңында қартайған жұлдызда жинақталған есепсіз мол ішкі энергия коллапс деп аталатын қопарылысқа алып келеді. Коллапста босайтын энергия Күннің бүкіл 10млрд. жыл бойы шығаратын энергиясынан 100есебей артық болады.Коллапсқа ұшыраған жұлдыз күндізге күн жарығынан да басым түсіп, көк жүзінде әсіре жарқырап барып сөнеді. Осндай коллапстарды біздің бабаларымыз да, қазіргі замандастарымыз да жай көзбен-ақ көрген. Көк жүзінде күндіздің өзінде де көзді ұялтып, кенеттен пайда болатын бұндай жұлдыздарды әсіре жаңа жұлдыз деп атайды.
Қазіргі Шаянтектес тұмандық 1054 жылдың 4 шілдесінде әсіре жаңа жұлдыздың жарылуынан кейін оның жұртында қалған қалдығы болып табылады.Ол бізден 3500 жарық жылындай қашықтықта орналасқан.Сол сияқты 1987ж. 23 ақпанда бізге жақын орналасқан( 16 мың жарық жылы) тағы бір әсіре жаңа жұлдыз коллапсқа ұшырады. Ал телескоптар алыс ғаламдардағы осындай коллапстарды жылына ондап тіркейді.Бізге жететін ғарыш сәулелерінің үштен бірі Шаянтектес тұмандық тұстарынан келеді.Соған қарап ғарыш сәулелерінің тууына коллапстар себеп болған деген ғылыми жорамал бар.Коллапсқа душар болған жұлдыздың материясы мүлдем  жоғалып кетпейді.Олардың кеңістікке сейіліп кеткен бөлшектерінен қайтадан жаңа жұлдыздар мен басқа да денелер түзіледі.Біздің Күн жүйеміз де, сендер мен біздер де бір кездері жарылған және жаңадан пайда болған ғарыштық  денелердің ұрпақтары болып табыламыз.     
  1. Қара құрдымның пайда болуы туралы ақпарат. 
Күннің орташа жұлдыз екенін білеміз. Ал Күннен массасы ондаған,жүздеген есе үлкен жұлдыздар гравитациялық  радиусқа дейін сығылса,онда олар “қара құрдымға” айналады.Гравитациялық радиус аймағанда зат сингулярлық күй деп аталатын ерекше бесінші күйге ауысады. Сөйтіп әлем дамуының барсында зат бес күйді басынан өткізеді.

VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
  1. Әлем дегеніміз не?
  2. Пульсар дегеніміз не?
  3. Коллапс дегеніміз не?
  4. Қара құрдым дегеніміз не?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есеп шығарту

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §65, 66, дайындық сұрақтары.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: