Сабақ жоспарлары / Физика

Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Планк формуласы. - Физика, 9 сынып, 44 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Планк формуласы. Фотоэффект құбылысы.
Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Планк формуласы. - Физика, 9 сынып, 44 - сабақ

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Фотоэффект құбылысының негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
2.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3.Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.   
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша радиобайланыс толқындармен танысамыз.
1.      Электромагниттік өріс дегеніміз не?
2.      Электромагниттік толқындардың қасиеттері қандай?
3.      Электромагниттік және серпімді толқындардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
  1. Квант –сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия.
  2. Планк гипотезасы.
«абсалют қара дене жылулық сәулелерді үздіксіз  шығара да, жұта да алмайды; оларды тек үзікті (дискретті) үлес-квант түрінде ғана шығарады немесе жұтады. Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп аталады.» E0=hν  h=6,62*10-34 Дж*с
  1. Макс Планк дененің үзікті шығаратын немесе жұтатын бір үлес энергия үшін формуласы.
  2. Фатон туралы түсінік.
  3. Фотоэффект құбылысының ашылуы, тәжірибе арқылы түсіну.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§49, 50, 51  дайындық сұрақтарын талдау.
  1. Квант гипотезасы қалай оқылады?
  2. Квант дегеніміз не?
  3. Фотоэффект дегеніміз не?
  4. Электронның шығу жұмысы дегеніміз не?
  5. Фотоэффект туралы Эйнштейн формуласы қалай жазылады?
  6. Жарық дуализм дегеніміз не?
  7. Фотоэффект жарықтың қандай қасиетін сипаттайды?
  8. Фотоэффектінің қызыл шекарасы  деп нені айтады?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
  1. Есеп. 175- бет.
  2. Толқын ұзындығы 5*10-7 м фатонның энергиясын табыңдар.
  3. Қуаты 100 Вт жарық көзі секундына 5*1022 м фатон шығарады. Шыққан сәуленің орташа толқын ұзындығын табыңдар.
  4. Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей.
1. Калий үшін фотоэффектінің ұзын толқынды (қызыл) шекарасы 564 нм.   Электрондардың калийден шығу жұмысын табыңдар.
2. Толқын ұзындығы 620 нм болатын фатонның энергиясы қандай?
3. Егер тежеуші кернеу 2 В-қа тең болса, онда катодтан жұлып   шығарылатын фотоэлектрондардың ең үлкен кинетикалық энергиясын табыңдар.

ІІ деңгей.
  1. Монохраматтық сәуле түсіргенде мырыштан жасалған катодтан жылдамдығы 500 км/с-қа жететін электрондар ұшып шығады. Катодқа түсірілген сәуленің толқын ұзындығы қандай? Мырыш үшін электрондардың шығу жұмысы?
  2. Кейбір металл фотоэффектінің қызыл шекарасы 2,7*10-7м. Толқын ұзындығы 1,8*10-7м сәуле шығару арқылы осы металдан ыршып шығатын электрондардың максимал кинетикалық энергиясын табыңдар.
ІІІ деңгей.
  1. Вольфрам бетін толқын ұзындығы 180 нм сәулемен жарықтандырғанда, одан ыршып шығатын электрондардың жылдамдығын анықтаңдар. Вольфрам бетінен шығу жұмысы 4,5 эВ.
  2. Толқын ұзындығы 180 нм сәулемен жарықтандырғанда, одан ыршып шығатын электрондардың максимал кинетикалық энергиясын табыңдар. Калий бетінен шығу жұмысы 2,26 эВ.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §49, 50, 51, 38-жаттығу №1-3 дайындық сұрақтары.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: