Сабақ жоспарлары / Физика
Есептер шығарту. - Физика, 8 сынып, 38 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығарту.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың әдіс-тәсілдері:кітаппен жұмыс, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері:плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар, кестелер.
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІV.ДК Жаңа сабақты қабылдауға әзірлік, оқушы белсенділігін арттыру.
Бүгінгі сабағымызды өтілген тақырыптарға арналаған есептер шығарамыз.
ІІІ. ДК. ДК Білімді жан-жақты тексеру.
- Білімділік мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, алған білімдерін тақырыптық есептер шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.
- Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
- Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:кітаппен жұмыс, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері:плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар, кестелер.
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІV.ДК Жаңа сабақты қабылдауға әзірлік, оқушы белсенділігін арттыру.
Бүгінгі сабағымызды өтілген тақырыптарға арналаған есептер шығарамыз.
- Бірінші және екінші шам арқылы 1 Кл зарядты тасымалдағанда атқарылатын жұмысты салыстыр. Осы шамдардағы ток күштері бірдей ме? U1=3B U2=1,5B
- Резистордағы кернеу 110 В болғанда ток күші 4А тең. Ток күші 8А болу үшін резисторға қандай кернеу беру керек?
- Екі мыс өткізгіш бөліктерінің ұзындықтары бірдей, бірақ көлденең қималарының аудандары әр түрлі: 1,6 және 0,8 мм2 . Өткізгіштің қай бөлігінің кедергісі аз және қанша есе?
- Кедергісі ұзындығы 1м және көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 өткізгіштің кедергісіндей болу үшін, көлденең қимасының ауданы 100 мм2 сондай материалдан жасалған өткізгіштің ұзындығы қандай болу керек?
- Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1с ішінде 6*1019 электрондар өтетін болса, өткізгіштегі ток күші қандай?
ІІІ. ДК. ДК Білімді жан-жақты тексеру.
- Электр тогы дегеніміз не?
- Электр тогын сипаттайтын негізгі шамалар?
- Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы қалай тұжырымдалады?
- Өткізгіштің электрлік кедергісі қандай формуламен есептеледі?
- Өткізгіштң электрлік кедергісі оның ұзындығына, көлденең қимасына қалай тәуелді?
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: