Сабақ жоспарлары / Физика

№1 Зертханалық жұмыс. «Жарықтың интерференциясы мен дифракциясын бақылау» - Физика, 11 сынып, 26 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: №1 Зертханалық жұмыс. «Жарықтың  интерференциясы мен дифракциясын бақылау.»
№1 Зертханалық жұмыс. «Жарықтың интерференциясы мен дифракциясын бақылау» - Физика, 11 сынып, 26 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсаты: интерференциясы мен дифракциясын бақылау және алған нәтижені түсіндіру; оқушылардың теориялық білімдерін нығайту  және практикалық дағдыларын қалыптастыру.                                     
2.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.                                     
3.Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: зертханалық,
Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері: шыны пластиналар-2, қыздыру  қылы түзу шам, жарықтандырылған фотопленка, ұстараның жүзі,  үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:


І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: 
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

  1. Зертханалық жұмыс жасауға дайындық. (әңгіме)
a)      Жарықтың интерференциясы кез келген  жағдайда бола ма?
b)      Қай жарықта интерференцияны бақылау оңай?
c)      Дифракциялық спектрдің дисперциялық спектрден айрмашылығы неде?
  1. Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау.
  2. Зертханалық жұмысты оқулықтағы нұсқау бойынша орындау.
Жұмыс барысы:

Жарықтың итерференциясын бақылау.


  1. Екі шыны пластинаны мұқият сүртіңдер, екеуін қосып, оларды бір-біріне саусақпен қысыңдар
  2. Пластиналарды күңгірт реңде шағылған жарықта қараңдар. Осы кезде пластниларды олардан жарқырап шағылған жарық болмайтындай етіп ұстаңдар.
  3. Пластнилардың жанасатын жерлерінде пайда болатын айқын түрлі-түсті тұйық сызықтарды бақылаңдар.
  4. Алынған интерференциялық көріністің ақ қабатының қалыңдығынасай физикалық және орналасуының өзгерістерін бақылаңдар.
  5. Интерференцияны өтетін сәуледе бақылап көріңдер.

Жарықтың дифракциясын бақылау.

  1. Фотопленкада ені 0,5 мм саңылау жасаңдар.
  2. Саңылауды вертикаль етіп, көзге тақап ұстаңдар.
  3. Саңылау арқылы вертикаль орналасқан шамның қылына қарап отырып, оның екі жағындағы түрлі-түсті жолақтарды бақылаңдар.
  4. Саңылаудың енін 0,5 мм-ден 0,8 мм-ге өзгерте отырып, дифракциялық спектрдің қалай өзгеретінін байқаңдар. 
  1. Жұмысты қорытындылау, жұмыс орнын тазалау.
VI. ДК. Үй тапсырмасын беру: §1-12 қайталау
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: