Сабақ жоспарлары / Физика

№3 Зертханалық жұмыс - Физика, 11 сынып, 33 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: №3 Зертханалық жұмыс. «Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау.»
№3 Зертханалық жұмыс - Физика, 11 сынып, 33 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау және алған нәтижені түсіндіру; оқушылардың теориялық білімдерін нығайту  және практикалық дағдыларын қалыптастыру.                                     
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.                                     
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: зертханалық,
Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері: жазық параллель шыны пластина, түйреуіш-4 дана, сызғыш, ақ қағаз, шам, аккумулятор батареясы, кілт, жалғағыш сымдар, саңылауы бар экран, транспортир.

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: 
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
  1. Зертханалық жұмыс жасауға дайындық. (әңгіме)
  1. Шынының сыну көрсеткішінің жарық сеулелерінің түсу бұрышы артқан кезде қалай өзгеретінін анықтаңдар.
  2. Абсалют сыну көрсеткішінің физикалық мағынасы неде?
  3. Сыну көрсеткішін ең үлкен дәлдікпен, яғни ең кіші қатемен қалай анықтауға болады?
  1. Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау.
  2. Зертханалық жұмысты оқулықтағы нұсқау бойынша орындау.
Жұмыс барысы:
  1. Электр шамын кілт арқылы батереяға осып, тізбек құрыңдар.
  2. Шамның алдына саңылауы бар экранды орналастырып, ал оның сыртына ақ қағаз қойыңдар.
  3. Кілт арқылы тізбекті қосыңдар да қағаз бетінде жіңішке жарық жолағын алыңдар.
  4. Жарық жолағына кез келген бұрышпен шыны пластинаны қойыңдар.
  5. Пластинаның пішінін қағазға сызып, түсетін сәуленің  А басы мен В соңын және жарықтың пластинадан Ғ шығу нүктесін белгілеңдер.
  6. Тізбекті ағытып қағаздан шыны пластинаны алыңдар.
  7. А және В, В және Ғ нүктелерін қосып, түскен және шыққан сәулелерді сызыңдар. Пластинаға жарықтың В түсу нүктесінде перпендикуляр тұрғызыңдар.
  8. Транспортирдің көмегімен түсу және сыну бұрыштарын өлшеңдер.
  9. Шынының сыну көрсеткішін формула бойынша есептеңдер.
  10. Тәжірибені басқа түсу бұрыштары кезінде қайталаңдар және нәтижелерді салыстырыңдар.
  11. Тәжірибелерді жарық көзінсіз, ағылшын түйреуіштерін  пайдаланып жасаңдар.
  1. Жұмысты қорытындылау, жұмыс орнын тазалау.

VI. ДК. Үй тапсырмасын беру: қайталау
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: