Сабақ жоспарлары / Физика

Есеп шығару - Физика, 11 сынып, 49 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару.
Есеп шығару - Физика, 11 сынып, 49 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: оқушылардың ынтасын арттыра отырып білімін тексеру.
  2. Дамытушылық мақсаты: алған білімін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.
  3. Тәрбиелік мақсаты: білімін, білігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:   
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.  
Өз бетінше шығаруға арналған есептерден есептер шығару.
ІІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. Сұрақтар қою.
  1. Стационар орбита үшін қандай шарт орындалады.
  2. Сутек тектес атом деп нені айтамыз?
  3. Бор теориясы атомдық газдардың сызықтық спектрлерін қалай түсіндіреді?
  4. Қандай тәжірибелер атом құрылымының күрделі екенін көрсетеді?
  5. Сызықтық спектр дегеніміз не?
  6. Сутегі спектрінде қандай сериялар бар?
  7. Атомның қандай күйлерін стационар күйлер деп атайды?
  8. Энергетикалық диаграмма деген не?
ІV.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: қайталау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: